• 3 марта, 2025 9:23 пп

Шымкенттегі жұмысшы жастар бейнесі

Автор:admin

Мар 3, 2025
2. Жұмысшы жастарға берілетін жаңа мүмкіндіктер
3. Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар.

Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» Жастар қанаты  «Bir Tolqynda: Жұмысшы мамандықтар — жаңа мүмкіндіктер»форумы аясында ұйымдастырды.

Форумның ерекшелігі зауыт алаңындаөткен «Bir Tolqynda»  диалог алаңы болды. Онда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова, «Balabi текстиль» ЖШС директор орынбасары Ғалымжан Кибатов,  Шымкент қалалық «Жастар Рухы» төрағасы Бекзат Төлебаев жастармен ашық диалог өткізді.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы  Мұрат Жолдыхожаевтың айтуынша бірқатар шараларды қамтыған форум жастардың әлеуетін көтеруге, бастамаларын дамытуға және жаңа бағыттарға жол сілтеуге арналды.

«Қазіргі таңда жастардың еңбек нарығындағы рөлі өте маңызды. Бүгінгі форум бізге жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын кеңінен көрсетуге мүмкіндік берді. Шымкент қаласында жастар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, әсіресе өндірістік және техникалықсаласында. Партияның жол картасын орындау кезінде де оларды тұрақты жұмыспен қамтитын боламыз», деді М. Жолдыхожаев.

Диалог алаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» төрағасыАқерке Искандерова Жұмысшы мамандықтары жылына орай Жастар қанатыбіршама жобаларды жүзеге асыратындығымен бөлісті.

«Жастарды жұмысқа орналастыру мен тәжірибе алмасу үшін алдағы уақытта ірі компаниялардың Жастар кеңестерімен ынтымақтастықты ұйымдастыру көзделуде. Мұндай өзара әрекеттестік, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескеруге және жұмыспен қамтудың тиімді механизмдерін әзірлеуге мүмкіндік бермек.Сонымен қатар, кәсіпорындарда экскурсия және өндірістік практика ұйымдастыру, 17 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қалада жұмысқа орналастыру және білім беру курстарынан өту мәселелері жөнінде көшпелі кеңес беру қызметтерін көрсету жоспарда бар»,деп айтып берді                          А. Искандерова.

Ғалымжан Кибатов, «Balabi текстиль» ЖШС директор орынбасары:  

«Біздің компаниямыз да жастарға көптеген жұмыс орындарын ұсынады. Біз үшін маңыздысы – жастардың кәсіптік білімдері мен дағдыларын практика саласында оңтайлы қолдануы. Жастарға жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық жобалар ұсыну арқылы кәсіпорын мен техникалық саланың әлеуетін көтеруге бағыт беру».

Сонымен қатар шарада жұмысшы мамандықтар иелері «Петро Қазақстан Ойл продактс» жеңіл нафтаны  изомерлеуқондырғысының механигі Өркен Байденов, суретші, мүсінші, «ArtOrda» қолөнер орталығының негізін салушы Наурызбай Оразбай өз кәсіптері жайында сөз қозғады.

Жастардың келесі нүктесі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болды. Мұнда 150-гежуық жұмыс беруші мекемелер бос жұмыс орындарын ұсынды. Шымкентте 2024 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеп, өңірдің еңбек нарығының тұрақты дамуын көрсеткенін ескерсек, бұл жәрмеңке тағы да бір қадам алға басуға ықпал етті. Жастар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы  ақпарат пен жолдама алды.

Ал, ментор-сессияларда жастарға кәсіби даму бойынша оқыту сессиялары өтті. Жұмысқа орналасу, тұлғалық даму, маркетингтік стратегиялар, Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі жағдайы сындытақырыптары сарапшылармен талқылады. Статистика бойынша, Шымкентте соңғы 5 жылда IT, инженерия және өндірістік мамандықтар бойынша жұмыс орындары 15%-ға артқан екен.

Қатысушылар үшін арнайы дайындалған кешен Оңтүстік индустриалды аймағына экскурсия болды. Экскурсия барысында жастар Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындарды аралады. Жәй аралап қана қоймай, мұндағы жұмысшы азаматтармен диалог орнатты. «BAL textile», «AZALA textile», «Shymkent qagazy» ірі өндіріс орындары кәсіпорындардың мүмкіндіктері жайлы мәлімет берді.

Айта кетеміз, биылғы жылды Мемлекет басшысы Жұмысшы жастар жылы деп жариялады. Бүгінгі форум Шымкент қаласында жастарға кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынған шараға айналды.

Автор: admin