• 3 декабря, 2024 5:23 пп

Шымкенттегі мектеп оқушыларына терроризмнің дұрыс емес екені түсіндірілді

Автор:admin

Ноя 14, 2024

Шымкенттегі №22 Қорқыт ата атындағы орта мектепте «Діни экстремизм мен терроризм қоғам дерті» тақырыбында басқосу өтіп, баяндама оқылды. Бұл туралы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ баспасөз қызметі хабарлап отыр. Айта кетейік, аталған шараны Шымкент қаласы  Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  Мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйымдастырып отыр. Жалпы дін саласын жастарға түсіндіру біздің мемлекетіміздің болашақ ұрпағына  үлкен алаңдаушылығын байқауға болады. Себебі жас ұрпақтың бірінші кезекте ойы әлі бұзылмаған, діни сауатсыз болып келеді. Сондықтан да Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен осындайц басқосулар жиі-жиі өтіп тұрады. Сондай жиындардың бірі кеше өткен кездесу барысында осы мекеменің дінтанушы маманы Икрам Айтаев оқушыларға баяндама оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына тоқсауыл қою. Баяндамада діни экстремизм мен терроризмнің ұғымын түсіндіріп, оның қоғамға тигізер кереғар әсерлерін кеңінен ашықтап берді. Елімізде тыйым салынған кереғар діни ағымдардың тарихына шолу жасап, олардың іс-әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Діни танымдық мәліметті  ҚМДБ –ның өкілдеріне жүгінгені абзал екенін айтып өтті. Орталықтың жұмысын таныстырып, сөз соңында діни сергек болуға шақырды. Айта кетейік, мұндай жиындар тек Оңтүстік Қазақстан облысында емес, еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Кеше ғана Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін мемлекет аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бейбіт күнде дін атын жамылған лаңкестер қос оқиға барысында 15-тей адамды атып өлтірді. Жараланғандар да аз емес. Екі терактіге де салафилік ағым ұстанушыларының қатысы бар екені айтылып отыр. Айта кету керек, бұл оқиғалар Қазақстандағы алғашқы лаңкестік жайт емес. Осыдан тура бес жыл бұрын да Ақтөбе облысы мен Атырауда, Ақтауда, Таразда және Алматыда терактілер сериясы орын алған болатын. Ал, Шымкентте сала мамандары бүгінге дейін бірнеше кездесулер өткізіп үлгерді. Олар жастармен және мемлекеттік қызметте жүрген жергілікті тұрғындармен бас қосып, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы сөз қозғауда.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin