Тұрғын алаптарда таза ауыз сумен негізгі халық шоғырланған аумақтары қамтылған. Қазіргі таңда, Қарабастау тұрғын алабында жаңақұрылыс аумағындағы 1470 абонентті сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс 2022 жылдың қарашасында басталған, аяқталу уақыты – 2024 жылдың қараша айы. Халықты көгілдір отынмен қамтуға келсек, негізгі халық шоғырланған аумақтар толық қамтылған. Жаңақұрылыс аумағында 1470 абонентті сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Бірлестік» ЖШС-і тарапынан жобалық-сметалық құжат әзірленді. Кезекті бюджетті нақтылау отырысына құрылысқа қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылысты бастау 2024 жылға жоспарлануда,– деді аудан әкімі. Жол инфрақұрылымы бойынша өткен жылы Жақсылық, Атажар көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілсе, 2023 жылы Ақсүйрік, Қайыпата көшелерінің жол мәселесі толық шешіледі. Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылысындағы жолдарды асфальттау және жарықтандыру жұмыстары инженерлік жүйелер толықтай аяқталған соң 2025-2026 жылдарға енгізіледі, дейді аудан басшысы. –Қарабастау тұрғын алабының сайлы жерінде орналасқан тұрғын үйлерді жауын-шашын кезінде су басу қаупі жоғары болды. Мәселені шешу үшін ирригациялық арықтарды орнату мақсатында 2021 жылы ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын 3 көшеге (Жаңақұрылыс, Бойыт ата, Ж.Қамбарұлы), 2022 жылы ұзындығы 6 шақырымдық 1 көшеге (Қарабастау тұрғына алабы Бойыт ата көшесі), ал 2023 жылы ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын 3 көшеге (Қайып ата, Жаңақұрылыс, Бойыт ата) ирригациялық арықтар орнатылды. Нәтижесінде көктемде жауған толассыз жауын-шашын халыққа қиындық тудырмады. Абаттандыру бойынша «Қарабастау» тұрғын алабында – 2 спорт алаңшасы (Бойыт ата, Жаңақұрылыс), «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2022 жылы Бойыт ата және Жаңақұрылыс көшелерінде 2 балалар ойын алаңшасы салынды. 2023 жылға жоғарыдағы жоба аясында тұрғындардан К.Молдабекұлы көшесі мен мектеп жанындағы бос жер теліміне ұсыныстар түскен. Қазіргі таңда жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық есептері әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс енгізілді. Қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар 2024 жылы атқарылатын болады, – деді аудан әкімі Досбол Есілбек. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Жалын, Жұлдыз,Қарабастау тұрғын алабындағы негізгі көшелер жарықтандырылып, өткен жылы 6 бейнебақылау камералары орнатылған. – Қарабастау аумағындағы тұрғын алаптарда «Kcell» және «КаР-тел» мобильді байланыс операторларының базалық станциялары орнатылған. Бүгінде тұрғындарға сапалы интернетпен қамтуға мүмкіндіктер берілді. Аумақтың тұрғындарына медициналық қызметті қалалық №7 емхана көрсетеді. Сонымен қатар, тұрғын алапта дәрігерлік амбулатория жұмыс атқарады. Онда 8000-ға жуық тұрғын тіркелген. Шағынаудандағы мектептерде орын тапшы. Осы орайда биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. Құрылысты мердігер мекеме «Югстройсервис ЖШС» атқаруда. Заманауи мектеп 2024 жылы пайдалануға берілмек, – деді Д. Күздікбайұлы. Шаһарға қосылған шағынауданның бүгінгі келбеті осындай. Осы уақытқа дейін шешімін таппаған мәселелердің күрмеуі шешілгеніне тұрғындар да дән риза. Аудан әкімі Д. Күздікбайұлы тұрғындармен жиі кездесу өткізіп, шағымдар мен ұсыныстарға жауап беріп қана қоймай, бірлесе отырып қызмет атқаруда. Біріккен еңбектің нәтижесі көңіл қуантады.
Jsk ақпарат орталығы