Шымкент қаласында орналасқан «DALSAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрмыстық тұтынуға арналған ылғалды сүлгілер өндірумен айналысады. Кәсіпорын қазіргі таңда тұрақты түрде өнім шығарып, нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуде.
Жобаның жалпы құны – 200 миллион теңге. Өндірістік қуаттылығы жылына 3 миллион дана ылғалды сүлгіні құрайды. Бұл – отандық өнімнің үлесін арттыруға және сыртқы өнімге деген тәуелділікті азайтуға бағытталған нақты қадам.
Кәсіпорын «EKOHIM» ЖШС-нен жалға алынған өндірістік алаңда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта зауытта 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«DALSAN» ЖШС жеңіл өнеркәсіп саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың бірі ретінде Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып отыр.