• 19 апреля, 2025 12:11 пп

Шымкентте алимент төлеуден жалтарған борышкерлер сотталды

Автор:admin

Ноя 1, 2024

Жыл басынан сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер Шымкент қаласы Прокуратурасының мұрындық болуымен қылмыстық жазаға тартылды. Олардың барлығы бұдан бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, шарасыздық танытып, халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан. Сот борышкерлерді ҚК-нің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бойынша оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Ағымдағы жылы алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот орындаушылардың борышкерлерді белсенді жауаптылыққа  тартуына прокурорлық актілердің енгізілуі өз үлесін қосуда. Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді. Балаларға қамқорлық жасау — ата-ананың етене міндеті! Алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты қылмыстық істі тоқтатудың басты себебі – борышкердің сот актісін орындауға мүмкіндігінің болмауы және аталған факті «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Жоғары соттың нормативтік қаулысына сәйкес тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатады. Бір жағынан, қылмыстық заңнама бойынша алимент төлемегені үшін жауапкершілік көзделсе, екінші жағынан, Жоғары соттың аталған нормативтік қаулысы борышкерді мұндай жауапкершіліктен босатады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin