• 21 ноября, 2024 8:22 пп

ШЫМКЕНТТЕ БАС ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Июл 12, 2022

Біздің дамыған 30 елдің лигасына одан әрі жылжуымыз күрделі сыртқы жағдайларда жүретін болады. 10 жыл бұрын болған 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс әлемдік экономика мен геосаясатта жедел және қауіпті өзгерістердің бастау көзіне айналды. Әлемнің көпполярлы модельге көшуі қақтығыстармен және дағдарыстармен, экономикалық, технологиялық және геосаяси бәсекелестікпен ілесе жүреді. Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары: ұлттық адами капиталдың жоғары деңгейі, технологиялық жаңғырту мен цифрландыру, экономикалық өсудің сапасы. Әлемнің озық экономикаларындағы теңдессіз инновациялар толқыны Қазақстаннан болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қоюды талап етеді. Озық елдердің Индустрия 4.0 жаңа технологиялық тәртібіне өтуі басталды және бұл жерде кейін қалуға жол берілмейді. Қазақстан – ашық ел; Қазақстанның ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға тығыз интеграцияланған. Сондықтан 2025 жылға дейінгі кезеңде экономиканы ықтимал сыртқы күйзелістерден қорғау және елдің жедел дамуы үшін жаңа факторларды қосуға озық өз герістер керек. Егер бұны жасамасақ, онда таяу жылдар перспективасында Қазақстан мынадай маңызды қатерлерге ұшырауы мүмкін: Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын талқылау жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Бүгін оған қатысты өздерінің ой-пікірін білдіруге Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері келді. Арасында белгілі сәулетшілер және қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар бар.

–Шымкент қаласының дамуы бәріміз үшін үлкен маңызға ие. Ал, бас жоспар дұрыс жасалса, онда қалада экономика да, өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да орнықты дамиды. Ең бастысы, бұл құжат халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, жергілікті биліктің бас жоспардың жобасын қоғамның ашық талқылауына шығаруы орынды шешім дер едім. Біз «Ауыл» партиясының атынан осы мәселеге қатысты ой-пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды жеткізу үшін жиналып отырмыз, – деді «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.  Айта кетейік,  Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бас жоспар 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаны әзірлеу үшін мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізіпті. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалған. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарланып отыр.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin