• 8 сентября, 2024 3:56 дп

Шымкентте бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар!

Автор:admin

Июн 14, 2023

Шымкентте шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да сәтті жүзеге асып келе жатыр. Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 1 жылға ұзарту жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Қалада бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, «Мен кәсіпкер боламын» жобасымен әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 10 млн. теңгеге дейін 1%-дық 6 шағын несиелер беру қарастырылған. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді.  Ал, осы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды. Бұл жұмыстардың барлығы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жасалып отыр. Жобаның  бірінші кезеңінде 15 резидентті орналастыру жоспарланған, бүгінде 69 жұмыс орнын құрумен 8 жоба орналастырылған. Жобаның екінші кезеңінің құрылысы осы жылы аяқталатын болады. Ұлттық экономиканың ашықтық дәрежесі неғұрлым жоғары болса, оның өндіргіш күштері неғұрлым дамыған болса, оның салалық құрылымында терең технологиялық еңбек бөлінісі бар салалар соғұрлым көп болуы керек.  Ал бұл салада Шымкенттің жасап отырған жұмыстары өте көп. Қала кәсіпкерлері экономиканың дамуына ықпал жасай отырып, мегаполистің экономикалық орталыққа айналуына өз септіктерін тигізіп отыр. Қазақстанда соңғы жылдардағы экономикалық реформалар нарықтық қатыснастарға негізделген жаңа экономикалық жүйені құруға бағытталған. Тиімді және жауапты қаржылық басқару кез келген елдің тұрақты және өз азаматтарының әл ауқатын жақсарту үшін тұрақты және қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігердің негізінде жатыр. Жаһандану жағдайында әр түрлі болжанбайтын факторларға ұшыраған қаржы мониторингі қаржы менеджменті мен ұлттық және халықарадық деңгейде әмбебап қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуы мүмкін.

Jsk ақпарат

Автор: admin