• 26 ноября, 2024 4:50 дп

Шымкентте биыл 9 шағын аудан сапалы ауыз сумен қамтылады

Автор:admin

Окт 4, 2023

Шымкент қаласының Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында үш магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс нысанын аралады. Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып,  құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларының құрылысы да биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған  магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытты қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағын аудандары сапалы ауыз сумен қамтылады. Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда, 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекен кестемен, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Енді бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021 жылы 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізілуде. . Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымак-2, Батыс, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Сауле, Құрсай 1-кезек, Құрсай 2-кезек. Жыл соңына дейін ауыз суды тасымалдап ішетін Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас сынды 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, ауыз су кестемен берілетін Жаңаталап және Сауле елді мекендерінің тұрғындарына сапалы ауыз су берілетін болады. Нәтижесінде, қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin