• 9 сентября, 2025 5:01 дп

Шымкентте бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді

Автор:admin

Авг 17, 2025

Полиция қызметкерлері азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Анықталғандай, қылмыстық топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын алған. Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды. Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. “Мәселені шешу” сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілерді анықтау және барлық заңсыз әрекетті құжаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өтті. Президент: «Әділетті  Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Бұл туралы Президент тағы да еске салды. Әділеттілік, теңдік және заңның үстемдігі туралы мәселенің тарихын қарастыратын болсақ, оның бастауы ежелгі кезеңмен, Антика дәуірімен тұспа-тұс келеді. Бұл мәселенің тарихы бай болғанымен, өзектілігі әлі де жойылған жоқ. Адамзаттың тарихи дамуының әр кезеңінде заң мен әділеттіліктің байланысы туралы сұраққа өз жауабы болды. Бірақ барлық дерлік елдер мен мәдениеттерге тән бір жалпы түсінік бар, оны келесідей тұжырымдауға болады: «Заң – бұл мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі». Бұл ұстаным жаңа емес, ол Қазақстанда ұзақ уақыт бойы іске асырылып келеді.

Jsk ақпарат агенттігі

Автор: admin