2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда. 2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды. Осыған орай Шымкентте Елорда күні мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласында көп балалы 40 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлап жатыр. Алтын құрсақты аналарға жаңа қоныстарының кілтін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов салтанатты жағдайда табыс етті.
—Халқымызда «Үйі жоқтың күйі жоқ» деген сөз бар ғой. Баспана — отбасындағы берекенің бастауы. Сондықтан баршаңызға қоныс құтты болсын! Осы үйлердің іші қуаныш пен шаттыққа толы болсын, — деді Б.Нарымбетов. Тұран шағын ауданында қазір көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 200 пәтер дайын тұр. Мереке қарсаңында соның ішінде 40 пәтер көп балалы отбасыларға тапсырылды. Қалғандары арнайы комиссияның шешімі бойынша кезекте тұрған отбасыларға үлестіріледі. Мұның барлығы сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық пәтерлер екенін айта кеткен жөн. Жалпы, биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтар мен жұмыс істейтін жастарға 1 605 арендалық пәтер беру жоспарланған. Соның ішінде 476-сы көп балалы отбасыларға, 54-і жетім балаларға, 857-сі жұмыс істейтін жастарға табыс етіледі.
Jsk ақпарат