• 3 декабря, 2024 5:25 пп

Шымкентте есірткі өндіріп, қала аумағында саудалағандар құрықталды

Автор:admin

Ноя 14, 2024

Шымкентте өздері есірткі өндіріп, қала аумағында саудалағандар құрықталды. Кезекті есірткі зертханасынан 10 келі тартатын дайын синтетикалық есірткі мен 60 литр сұйық есірткі өнімі тәркіленді. Белгілі болғандай 2 жергілікті тұрғын ұйымдасқан түрде еліктіш затты өндіріп, мегаполис аумағына сатып келген. Жанерке Атықаева, Шымкент қалалық прокуратурасының өкілі: «Тінту барысында «Альфа PVP» есірткі затының 10 келіге жуық өнімі ұнтақ түрінде, 60 литрге жуық өнімі сұйық түрінде, 240 литрхимиялық заттар және лабораториялық құрал жабдықтар, сондай-ақ дайын өнімдерді кептіруге арналған сөрелер анықталып, тәркіледі. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды».   ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес, «есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау және сату» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталып кетті. Егер күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ұсталғандар бүгінде уақытша ұстау изоляторында. Нашақорлық-көптеген адамдардың, соның ішінде жастардың өмірін қиған қауіпті ауру. Нашақорлықтың зияны көбінесе бағаланбайды, дегенмен оның жақындары бір адамның тәуелділігінен зардап шегеді.Нашақорлар ешқашан дәрігерлерге өз еркімен бармайды, туыстары мен отбасы мүшелеріне тәуелділікті жасырады. Нашақорлық адамның тозуына тез әкеледі. Отбасындағы қарым-қатынас бұзылады, неке бұзылады, тәуелді адам оқуын, жұмысын тастап кетеді, нәтижесінде өмір сүру қаражатынсыз қалады. Көбінесе нашақорлар соталып, түрмеге түседі немесе шартты түрде сотталады, бұл болашақта олардың өмірін айтарлықтай бұзады. Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin