• 16 ноября, 2025 10:08 дп

Шымкентте “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды

Автор:admin

Окт 9, 2025

Заң мен тәртіп жалпыға ортақ міндет екенін түсінетін уақыт жетті. Яғни, әр азамат кез келген заңға қайшы әрекетке төзбеушілік танытқанда ғана қоғам алға жылжиды. Ол үшін қазіргі қолданыстағы құқықтық нормативтік акт толық қамтамасыз етілген. Тек оның орындалуына әрбір тұлға немқұрайлы қарамауы тиіс. Шымкентте жас полицейлердің “Жас сақшы” сыныбы ашылды, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласында А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектепте ерекше сыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тоғызыншы сынып оқушылары кадеттер қатарына қабылданды, олар «Жас сақшы» деп аталатын жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Мұндай сыныпты құрудың мақсаты — балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесу болды. Іс-шараны Шымкент ҚПД бастығының орынбасары Мәулен Ахметов ашып берді. Ашылау салтанатына оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты. Кадеттер үшін полицейлердің үлгісі бойынша нысанды киім әзірленіп, тігілгенін атап өткен жөн. Сынып бөлмесі арнайы стендтермен және жабдықтармен жабдықталған. Балалар болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда елдің лайықты азаматтары болатынына сенімдіміз, өйткені олар қазірдің өзінде дұрыс жолда. Біздің елімізде адам құқығы – басты құндылық. Оқушыларымыз дөңгелек үстелде барысында тақырыпқа байланысты өздері білетін өмірде естіген, ақпарат құралдарынан оқыған оқиғаларымен бөлісті. Жасөспірімдер арасында жасалған әрбір құқық бұзушылықтың ата-анаға әкелетін зиянын, қаржылық қиыншылықтарды түсінді.  Жаза мен айыппұл туралы мәлімет алды. Біздің елімізде қасақана, абайсызда жасалған қылмыстың өтуі болатынынан хабардар болды. Айталық, балалар ойнап жүріп бірінің аяғынан шалып құлатты делік, құлаған бала міндетті түрде дене жарақатын алады. Сөзге келіп, төбелесті. Қасындағы басқа ұлдар оларды ажыратудың орнына жабылып, оны жерге құлатып, есінен танғанша ұрды. Топтық қылмыс. Ерегесіп, бірінің затын, қалтасындағы ақшасын рұқсатсыз  алғаны — ұрлық. Бір-біріне айдап салу, балалар көре тұра сыныптастары жасаған қылмысты жасырып қалу, дер кезінде хабарламау, затын, ақшасын тартып алу, қорқытып, бопсалау туралы әңгімелеп, салдарына тоқталдық. Заңға бағынбай тәртіпті сақтамаған жасөспірімнің әр әрекеті, ең алдымен ата-анасының көпшілік, ұжымы алдында абыройын төгетінін, ұятқа қалдыратынын, өз ортасының да балаға деген көзқарасының өзгеретінін, отбасына үлкен материалдық шығын әкелетінін, онымен тоқтамай құқық бұзушылық әрекеттерін жалғастыра берсе, сот арқылы жазаға тартылатынын, осылайша өз өміріне өзі балта шабатынын бір шарамен тоқтатып қалмай, одан жалғастыра бермекпіз. Әрі кейбір сұрақтар негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кеңес ала отырып, ата-анамен бірлесіп, шәкірттеріміздің құқығының бұзылмауын, балалардың құқық бұзбауын қадағалап, тәрбиелей береміз.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin