• 16 ноября, 2025 8:32 дп

Шымкентте жол қозғалысы бойынша нұсқаулық кеңес өтті

Автор:admin

Окт 11, 2025

Заң мен тәртіп қағидаты барлық салада, әсі­ресе мемлекеттік органдарда үстем болуға тиіс. Жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана біз айтып жүрген құқықтық мемлекет қалыптаспақ. Азаматтардың заңға бағынуы олардың құ­қы­ғын шектеу емес. Керісінше, тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл мем­лекеттің қауіпсіздігін нығайтып, демократияны дамыта түседі. Бүгінгідей күрделі гео­саяси жағдайда елімізді сақтап қалу жолында азаматтардың мұны терең түсінгені ләзім. Өйткені заң үстем болмаған елде тұрақтылық болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жер­де сәйкесінше даму да болмайды. Жалпы, әрбір азамат өзін қауіпсіз сезіну үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиім­ді жұмыс істеуі қажет. Сондықтан «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда по­­лиция айрықша рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жү­зін­де жүзеге асыру қажет екенін айтқан болатын. Бұл, ең алдымен, қоғамның талап-ті­ле­гіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу деген сөз.

– Халыққа ынтымақтастықтың өзара тиім­ді формасын ұсынып, кері байланыстың оң­тайлы жолдарын реттеу маңызды. Бас­та­ма­шыл және заңға қайшы әрекеттерге бей­жай қарамайтын азаматтарға арқа сүйеу құ­қықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қа­ғидатының іс жүзінде сақталуына мүмкін­дік беретініне сенімдімін, – деді Президент. Құқық қорғау жүйесін толық реформалау, по­­­лициялардың түбегейлі өзгеруі – аса маңыз­­ды міндеттердің бірі. Президент по­ли­ция­­ны қызмет көрсетуші органға айнал­дыру­ды жиі айтып келеді. Осы орайда Шымкентте полицейлер жол қозғалысы бойынша нұсқаулық кеңес өткізді, – деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жеке құрамның қызметтік тәртіп деңгейін арттыру мақсатында нұсқаулық кеңес өткізілді. Кеңес барысында басшылық жол-көлік жағдайына баға беріп, жол апаттарының себептері мен оларға ықпал ететін факторларды талдады. Сондай-ақ полицейлердің жол қозғалысы кезінде және азаматтармен қарым-қатынаста қызметтік тәртіпті сақтауы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бөлім басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту, патрульдеу тиімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң бақылауға алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мұндай шаралар полиция департаментінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin