• 9 ноября, 2025 7:57 пп

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Ноя 9, 2025

 

Мегаполистегі «Көл» қоғамдық орнының аумағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде ашылды. Қарқынды дамудың символындай болған жаңа нысан қаланың көркін одан әрі аша түсті.

Бұл – Шымкенттегі лазерлік, жарық және отты шоуды біріктірген алғашқы кешенді құрылым. Субұрқақтағы жарық, әуен мен отты көріністі үйлестіретін заманауи жүйе кешкі және түнгі мезгілде әсерлі көрінеді.

Инновациялық технологиялар орнатылған субұрқақ қалыпты ырғақтағы музыкалық композицияларды да, лазер сәулелі жарқын динамалық шоуларды да орындай алады.
Техникалық элементтің барлығы тапсырыспен шетелде әзірленген. Монтаждау барысында энерготиімді шешімдер мен заманауи автоматты басқару жүйелері қолданылды, нәтижесі субұрқақтың жұмысын оңтайландырып, күтіп-ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Субұрқақтар маусымы ресми түрде аяқталғанымен, қала тұрғындары мен қонақтары бірегей қойылымды тамашалауы үшін нысан алдағы жылы күндері жұмыс істейді. Одан кейін қысқы сақтауға қойылып, келесі жылдың көктемінде қайта ашылады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, заманауи субұрқақтың ашылуы – техникалық жетістік қана емес, қаланың жайлы ортасы мен көрікті қоғамдық орындарды дамытудағы маңызды қадам.

«Біздің мақсатымыз – Шымкенттегі әр ауданда заманауи сергу және демалыс орындарын құру. Мұндай нысандар қала тұрғындары жиналатын әсем орындарға айналып, шаһар көркін аша түседі және мерекелік орта қалыптастырады», – деп атап өтті әкім.

Айта кету керек, «Көл» демалыс аймағындағы субұрқақтың ашылуы қаладағы демалыс инфрақұрылымын дамыту мен жайлы ортаның сапасын арттыруға бағытталған кешенді абаттандырудың кезекті кезеңі болып отыр.

Әсемдік, технология және қолайлылықты үйлестірген жаңа кешен бүгіннің өзінде Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының асқан қызығушылығын тудырды, ал алдағы уақытта мегаполистің көрікті орындарының бірі болары сөзсіз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin