• 21 сентября, 2024 11:44 дп

Шымкентте инвестиция тарту 29,9 пайызға көбейді!

Автор:admin

Июл 11, 2023

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,9 пайызға көп. Жауапты маманның айтуынша, Шымкентте 2022-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн теңгеге бағаланған 242 инвестициялық жобаның базасы жасақталған. Соның нәтижесінде алдағы үш жылда 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Тарқатып айтсақ, 2022 жылы құны 159,7 млрд теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биыл қала аумағында 52,8 млрд теңгеге 1043 жұмыс орны қарастырылған 16 жоба іске қосылатын болады. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше бүгінге дейін 26,5 млрд теңгеге 3 инвестициялық жоба іске асып үлгерді. 215 жаңа жұмыс орны құрылды. Инвестиция тарту мәселесі Шымкент қаласын дамыту жоспарында бір сәт те назардан түскен емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дайын өнім өндірісін ұлғайтуға байланысты тапсырмасы нақ осы инвестицияның арқасында жүзеге асатыны аян. Сондықтан жергілікті әкімдік осы салаға ерекше мән беріп, бұл бағытта алға қарай дамудың нақты қадамдарын үйлестіріп отыр. Соның бір айғағы Шымкентте инвестициялық штаб жұмыс істейді. Штабтың әрбір отырысында қаланың экономикасына қаржы құя алатын қалталы азаматтардың мүмкіншіліктері қаралып, жол-жөнекей кездескен кедергілер талқыланады. Шымкенттің өсіп-өркендеуіне осы инвестициялық әлеует өзінің оңды әсерін тигізді. Жергілікті және шетелдік капиталды қаланың өндірісіне, инфрақұрылымына тарту үшін бизнес өкілдеріне барынша жайлы жағдай жасалуда. Соның ішінде мысалға «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-кеңсесін келтіруге болады. «Бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін бұл мекемеде кеңестер беріледі және құжат рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетіліп, әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін түрлі жұмыстар атқарылады. 2020 жылы Шымкентте 37,5 млрд теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске асырылды. Былтыр 16 млрд теңгеге 15 жоба іске қосылды. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға «Алюминий банкілерінің өндірісін» жатқызуға болады. Аталған зауыттың қуаттылығы жылына 500 млн. дана алюминий банкілерін өндіруге қауқарлы. Шығарылған тауар келешекте елге келетін осы өнімнің импорттық баламасының 60 пайызын алмастырады. Сондай-ақ қала экономикасы үшін маңызды жобалардың бірі «Standard Steel KZ» ЖШС. Бұл кәсіпорында түсті металл концентраттары (мыс, қорғасын, цинк, алтын) алынады. Осы жобаның арқасында бұрынғы қорғасын зауыты аумағындағы қорғасын қалдықтары тазартылып, қаланың экологиясын жақсартуға үлкен септігін тигізеді.
Jsk ақпарат

Автор: admin