• 16 сентября, 2024 8:20 пп

Шымкентте инвесторларға қолайлы орта қалыптасқан!

Автор:admin

Июл 18, 2023

Қала әкімі Мұрат Әйтенов нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту бағытындағы жұмысты жандандыра түсуде қалада құрылып жатқан екі бірдей агро-индустриалды аймақты пайдалануға басымдық беріп келеді. Бүгінде 10,2 млрд теңгеге 10 жоба жүзеге асырылған. Инвестицияның артуына индустриялық аймақ, көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы зор үлес қосуда. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық даму басқармасының бізге берген мәліметтеріне жүгінсек, биыл 6 айда қала экономикасына 131,8 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға артқан. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 165 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар 2021-2025 жылдары жалпы құны 2,6 трлн теңге болатын 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 млрд теңгенің инвестициясы тар­тылды. Ал «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. Көлік логистикалық аймағында 32,5 млрд теңгеге 53 жұмыс орнын құрумен 8 жоба іске асырылуда. Бүгінде 15,9 млрд теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвес­тиция көлемі 42,9 млрд теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Шымкенттегі қос индустриалды аймақтың территориясы 427 гектарды құрайды. Оған 90 млрд 100 млн теңге инвестиция құйылған. Нәтижесінде, индустриялық аймақтар құ­рыл­ғалы онда орналасқан кәсіпорындар 260 млрд теңгенің өнімін өндіріп, оның 110,9 млрд теңгелік өнімін шетелдерге экспорттаған. Индустриалық аймақ қатысушылары 5 500 адамды жұмыспен қамтып, мемлекеттік бюджетке 19,5 млрд теңге салық төлеген. Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, ха­лық­тың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табуда. Сондай-ақ Шымкенттегі «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары өндіріс орындарына жүз пайыз толған. Ендігі кезекті қала экономикасының әлеуетін барынша арттыру мақсатында тағы 4 индустриалды аймақ ашу жоспарланып отыр. Оның бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорын ашылады деп күтілуде. Аймаққа инвесторлардың қызығушылығы жоғары. Бүгінде 100 млрд теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл 10 жобаның құрылысы басталады. Ал ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында құны 23 млрд теңге болатын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Аума­ғы 136 гектар заманауи өнеркәсіптік жылы­жай кешенінде 30 млрд теңгеге 2 мың жұ­мыс орнымен 20 жоба іске асады. Шым­­кент қаласында ашылатын төртінші – «Стандарт» индустриалды аймағында шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланады деп жоспарланған. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, инвестициялық жобаларға ерекше мән беріп келеді. Бұл орайда қала әкімі тиісті мекеме басшыларына индустриалды аймақтарда қолға алынған жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мәселелерін шешуде мемлекеттік қолдаулар көрсетілуін тапсырды. Апта сайын өткізілетін инвестштабта берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақыланады.

Jsk ақпарат

Автор: admin