• 23 сентября, 2024 12:14 дп

Шымкентте кәсіпкерлер үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар кешенді жұмыс жасауда!

Автор:admin

Июн 9, 2023

Шымкентте «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша – 427, сауда орындары бойынша – 115, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 104, қаржылай емес қолдау қызметі бойынша – 522, кәсіпкерлерлерді тіркеу бойынша – 103, бизнес-жоспар әзірлеу бойынша – 127, кәсіпкерлердің салық және статистикалық есебіне көмек көрсету бойынша – 120, мемлекеттік сатып алу порталына тіркелу мәселелері бойынша – 36, кәсіпкерлік бойынша оқытылғандар саны – 136. Қалада 427 га. аумақта «Шымкент Сити» қала құрылысы үлгісіндегі жаңа алаң құру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жеке инвесторлар есебінен 17,2 млрд. теңгеге 1036 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде («Дамдесқұрылыс Инвест» ЖШС, «Элит Строй Компания» ЖШС). Аталған 13 үйдің 10-ны келесі жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, заманауи көпқабатты тұрғын үй, бизнес-орталықтар, әкімшілік ғимараттар, саябақ салуға «BiGroup», «HighvillKazakhstan» компанияларымен 363,4 млрд.теңгеге жеке инвестиция салуға келісім жасалды. «Шымкент Сити» жобасы іске асырылған жағдайда қала экономикасына 1 млрд. АҚШ долл. инвестиция тартылып, 56 мың азамат баспанамен қамтылады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 25 531 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2020 жылдың 1 қазанына 24 366 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан (95,4%). Бағдарламаны жүзеге асыруға 7 799 129,0 мың теңге қаралды (республикалық бюджет – 4 293 166,0 мың теңге, қалалық жергілікті бюджет – 3 505 963,0 мың теңге). Бөлінген қаржының 4 715 012,4 мың теңгесі игерілген (60,5%). Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 3 196 адамды оқуға жолдау жоспарланған. Оның ішінде: — 1 196 адам техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 9-11 сынып бітірушілер, кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 1 196 азаматты оқуға жолдау жоспарланды (оқу мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай).

Jsk ақпарат

Автор: admin