• 15 марта, 2025 11:05 пп

ШЫМКЕНТТЕ КӨКТЕМГІ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2025

 

Зиянкестермен күрес шараларының алғашқы кезеңі Дендросаябағында басталды. Масалар мен басқа да жәндіктердің көбеюін алдын алуға бағытталған жұмыстарға 30 маман, 20 арнайы техника жұмылдырылған.

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бұл жұмыстар өзен-көл жағалаулары, саябақтар, гүлзарлар мен аллеялар аумағында атқарылады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл дезинсекциялық жұмыстар күшейтілуде. Осыған дейін жылына 4 рет жасалған болса, биыл қала аумағында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен 10 рет жүргізілетін болады.
Зиянкестерге қарсы арнайы сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. Мамандар олардың адам мен үй жануарларына зиянсыз екенін айтады. Сонымен қатар, масалар көбейетін аймақтарды жою жұмыстары қатар жүргізілмек.

Тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Дезинсекцияланған аймақтарда балалардың ойнамауын және тұрмыстық заттардың өңделген жерлермен жанаспауын қадағалау қажет. Мамандардың айтуынша, тұрғындар да өз аулаларын таза ұстап, судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестердің көбеюінің алдын ала алады. Дезинсекцияны тұрғындар үйлерде, кәсіпкерлер аумақтарында өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Дезинсекция жұмыстарының нақты кестесі туралы ақпаратты тиісті мекемелерден немесе қалалық әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады.

«Шымкент келбеті»

Автор: admin