• 7 сентября, 2025 1:05 пп

Шымкентте маргиналды жастар тобы ұсталды

Автор:admin

Сен 5, 2025

Полиция өңірде «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар барысында ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен маргиналды жастардың қылмыстық әрекетін тоқтатты. Үш ер адам мен бір қыздан тұратын топ екі 19 жасар тұрғынды күш қолданумен қорқытып, 3000 АҚШ долларын бопсалаған. Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болып табылатын көптеген айғақты заттарды анықтады. Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің техпаспорттары, ұялы телефондар және есірткі құралы тәркіленді. Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер. Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда. Шынында, заң ережелері адамды шектеуге емес, қорғауға қызмет етуі керек. Әрбір бұзылған заң – мемлекеттік институттарға көрсетілген қоқан-ло­қыдан бөлек, азаматтардың ары мен намысын аяққа таптаумен тең екенін ұмытпағанымыз жөн. Осыны анық түсіну қоғамдағы өзара құрметтің өзегін қалыптастырады. Ал әрбір азамат заң ережелерін құрметтеген сайын көр­шісіне, әріптесіне, айналасын қоршаған адамдарға деген ықылас-пейілін паш ете түседі. Мысалы, көлік жүргізу ере­же­сін берік ұстану арқылы біз өзімізді ғана емес күрежолдың бойындағы көптеген адамның өмірін сақтап қалам­ыз. Кез келген мөлшерде берілген пара­дан бас тарту арқылы дамуға тікелей ықпал ететін мемлекеттік жүйенің адал­дығына қолдау көрсетеміз. Заң үстем болмай әділдік орнамайды. Оны тіпті қоғамды біріктіріп ұстап тұр­ған ұстын ретінде түсіндіруге болады. Азаматтары заңға сенуден қалып, ережелері орындалмай жатқан елдің құрдымға кетуі оңай. Ондай елді кірпіші біртіндеп мүжіле бастаған үйге ұқсату керек. Бұл – қоғамға да қатысты теңеу. Біздің әрқайсысымыз «ештеңе етпейді» деген оймен заң бұза берсек, әділдіктің өзегін шірітеміз. Сондай-ақ заңды берік ұстану ұлттық қауіпсіздікке тікелей ықпал етеді. Егер балаларыңыз құқығы қорғалатын дамыған мемлекетте өмір сүргенін қаласаңыз, өзіңізден бастаңыз. Бұған дейін тарихи талай қиын кезеңнен өткен Қазақстанның келешегі қандай болатыны бүгінгі бізге тікелей байла­нысты. Еліміздің құқыққорғаушылары күнделікті заң ережелерінің бұзылуынан туындаған салдарға куә болуда. Тіпті, ережелерді бұзудан, немқұрайдылықтан немесе парақорлықтан көптеген адамның өмірі құрдымға кетіп жатқанын көруде. Сол үшін әрбір азаматтың жасаған дұрыс қадамы тағдырларды түзеуге сеп­тігін тигізеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin