• 25 ноября, 2024 11:27 дп

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИСТ КОМПАНИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Сен 22, 2023

 

Шымкент қаласында Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарифтіинвестицияға айырбастау» саясаты белсенді түрдежүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттықэкономика министрлігі Табиғи монополиялардыреттеу комитетінің Шымкент қаласы бойыншадепартаменті басшысының міндетін уақытшаатқарушы Айсұлу Әлібекова мәлімдеді.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевЖолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифтіинвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес, қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдықтарифтерді өсіруге рұқсат береді. Өйткені, еліміздегі коммуналдық және энергетикалықинфрақұрылымның әбден тозығы жеткен. Кейбірэлектр, жылу станцияларының салынғанына 50-60 жылдан асып кеткен. Президент бұл мәселегеуақтылы назар аударып, тиісті жұмыс жүргізілмесе, еліміздің энергетикалық дағдарысқа тап болып, халықтың жарық пен жылусыз қалуы мүмкінекенін ескертті, — дейді Айсұлу Қуанышбекқызы.

 

Жалпы энергетика министрлігі тарапынанжүргізілген сараптамаға сүйеніп айтар болсақ, еліміздегі 37 жылу-электр орталығының 19-ы қызыл аймаққа, 11-і сары аймаққа және 7-еуі жасылаймаққа кірген. Бұл саралау станциялар мен ондағыжабдықтардың техникалық жағдайына қарайжүргізілген. Айта кетерлігі, 2020 жылменсалыстырғанда станцияны уақытша әкепсоқтыратын апаттық жағдайлардың саны 5 пайызғаөскен. Еліміздегі кейбір жылу электрорталықтарының қызмет ету мерзімі 60 жылданасады. Ал, станциялардың төрттен үш бөлігі жарты ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұрекен. Осы деректердің барлығы Мемлекетбасшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатының қаншалықты қажетті екенін көрсетіптұр.

 

Осы орайда Табиғи монополияларды реттеукомитетінің Шымкент қаласы бойыншадепартаменті мен Шымкент қаласы әкімдігінің бірлескен бұйрықтарымен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-інің 2023-2026 жылдарға қосымша инвестициялық бағдарламасыбекітілген. Оған сәйкес, монополист компания осы уақыт аралығында сарқынды суларды бұру қызметібойынша кәріз желілерінің тозуын төмендетумақсатында 3,83 млрд.теңге көлемінде қаржыжұмсайды. Нақтырақ айтар болсақ, компания 38,3 шақырымдық кәріз жүйесін реконструкциялайды. Бұл кәріз желілерінің тозуын 77 %-дан 71,65%-ғанемесе 5,35%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Осыған байланысты, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің 2023-2026 жылдарға арналған жаңатарифтері 2023 жылғы 1 шілдесінен бастапбекітілді. Атап айтар болсақ, ауыз судың тарифітұрғындар үшін 86,27 теңге болып өзгеріссіз қалса, сарқынды суларды бұру қызметінің тарифі 10,67 теңгеге қымбаттап, 45,19 тиын болып белгіленген.

А.Әлібековваның айтуынша, комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігінің  бірлескен бұйрықтарымен «3-Энергоорталық» АҚ-ның жылу энергиясын өндіруқызметіне  2022-2026 жылдарға арналған тарифтерімен тарифтік сметасы және инвестициялықбағдарламасы бекітілген. Бұл инвестициялықбағдарламаға сәйкес, монополист компания негізгіқұралдардың тозуын төмендету мақсатында 2023 жылға қосымша 55756,78 мың теңге көлеміндеинвестициялық бағдарлама бекітілген.

 

Жылу энергиясын өндіру қызметіне бекітілгенинвестициялық бағдарлама негізгі құралдардыкүрделі жөндеуге бағытталған іс-шаралардыкөздейді, бұл негізгі құралдардың тозуын 60,7 %-дан 57,7%-ға немесе 3,02%-ға төмендетугемүмкіндік береді.

 

–Департамент 2023 жылғы 7 тамыздатұтынушылардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жария тыңдаулардаайтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескереотырып, монополист субъектінің өтінімін мұқиятқарап, 2023-2026 жылдарға арналған жылуэнергиясын өндіру қызметінің тарифтері 2023 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізеотырып бекіту туралы шешім қабылдады, – дейдіАйсұлу Қуанышбекқызы.

 

Сонымен жылу энергиясының 2023 жылға орташабосату тарифі 5,03%-ға өсіре отырып, 4 785,74 теңге/Гкал болып белгіленген.

 

Монополист компания өкілдерінің хабарлауынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдағыжылыту маусымында қаланы сапалы және үздіксізжылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылға 2 қазандық, 1 турбоагрегатты күрделіжөндеуден өткізу жоспарланған болса, бүгінде 2 қазандықта жұмыстар толық аяқталған.

 

Айта кетейік, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ының да инвестициялық бағдарламасы қабылдаған. Соғансәйкес, биыл 76,712 шақырым газ құбырын қайтажаңарту көзделген. Оның ішінде 30,389 шақырымыжер астымен жүргізілетін полиэтилен құбырыболса, қалған 46,322 шақырымы жер үстіменжүргізілетін болат құбырлар. Бүгінде полиэтилен құбырлардың 16,041 шақырымы, ал, болатқұбырдың 27,139 шақырымы жүргізілген. Соныменқатар газ қысымын төмендетуге арналған 167 газ реттеу пункттері орнатылады.

Автор: admin