• 23 сентября, 2024 4:21 дп

Шымкентте орта және шағын бизнес жан-жақты қолдау шаралары іске асуда!

Автор:admin

Июн 7, 2023

Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында айтқан жаңа экономикалық саясатының ең маңызды, басым бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау. Өйткені, осы кәсіпкерлер елдегі орта таптың негізін қалайды. Ал, орта тап өкілдерінің үлесі көп болса, еліміздің экономикасы қуатты болып, халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс сапасы жақсарады. Міне, осы тұрғыда Шымкент қаласы бұрыннан кәсіпкерлік белсенділігі жоғары қала. Енді шағын және орта бизнеске арналған индустриалды аймақтың ашылуы мен өзге де мемлекеттік қолдау шаралары қалада бизнестің дами түсуіне ықпал етеді. Шымкент қаласындағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында инвесторлардың есебінен «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың шаршы метр қойма алаңдарын салу жоспарланған. Жалпы құны 30 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталған кезде 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Республикалық маңызы бар үшінші қала Шымкентте 2016 жылы 885 799 адам тұрса, 2020 жылдың тамыз айында 1 054 413 адамға дейін жеткен. Ең әуелі қала халқының өсіп, 1 миллионнан асқанының өзі бұл қаланың өмір сүруге қолайлы екенін және болашағы бар екенін айғақтап тұр. Халық санының өсуі инвестицияның тартылуының негізгі қозғаушы күші. Кез-келген инвестор халық көп шағырланған жерге қызығушылық білдіруі орынды, бірақ ол жердегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмір сүру деңгейі, төлем қабілеттілігінің болуы өз алдына бір мәселе. Шымкент қаласының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қаланың нақты ЖІӨ жылына 3%-ға өседі деп айтылған. Қалада еңбекке жарамды тұрғындар саны – 506 мың. Төтенше жағдай кезінде 295 мың адам 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек алды, ол Шымкенттің экономикалық белсенді халқының 58 пайызын құрайды. Біз бұл үлес 295 мың адамнан 12 117-ге бірден азайып кетті дегенге сене алмаймыз. Ұйғаруымызша, жұмыссыздар саны 100 мың адамға жетті деп айтуға негіз бар. Бұл әдеуметтік осал топтағы кедей адамдардың үлесін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік тарапынан тез арадағы шұғыл қимылды талап етеді. Әзірге маусымдық жобаларға жұмыссыз азаматтарды тарта тұрса, кейінірек азаматтарды жұмыспен қамтудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу қажет. Бұл мәселелерге қатысты «Grand Park/Atamura» тұрғын үй кешенінің жобасы бойынша 6 151 пәтер ұсынылмақшы. Осы тұрғын үйлерді салуға 2021-2026 жылдар аралығында 6 мың жұмыс орны ашылады, ал 2022 жылдан бастап тұрғын үйлер пайдалануға берілген соң, тұрақты 2 500 жұмыс орны ұсынылмақшы. Демек, жұмыссыздықтың үлесін азайтуда бұл жобаның біраз көлемде тигізер үлесі бар. Жұмыс орындары: құрылыс, қызмет көрсету, білім беру және көңіл көтеру салаларын қамтиды.

Jsk ақпарат

Автор: admin