• 24 ноября, 2024 8:01 пп

Шымкентте «Пайызсыз баспана» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Автор:admin

Окт 11, 2024

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржылық пирамида құру және оған басшылық етумен «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сот талқылауы барысында, сотталушылар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы ақша салымшыларды тартып, төмен бағамен баспана ұсынуға уәде берген. Қылмыстық схемаға сәйкес бұдан әрі салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды, 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Шымкент қаласының тұрғандары және қонақтарының назарына қандай да бір тұрғын үй ұйымына жарна және қаржылық пирамида ақша салу ұсынылған жағдайда сақ болуларыңызды сұраймыз. Халықтың ежелден айтып жүрген «Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады» деген даналық сөздері, нақ­ты айтқанда, адамдар­дың көп бөлігінің санасына әсер етпегені таңда­нарлық жәйт. Осы жерде мынандай сұрақ туады: неліктен мұндай қаржылық құры­лымдар пайда болады және адамдар неге олардың қармағына ілінеді? Мұның себебі төменгі жағдайларға тікілей байланысты. Біріншіден, өкінішке орай, халықтың көп бөлігінің экономикалық сауаты сын көтер­мейді. Екіншіден, ақпарат құралдарында қаржылық пирамидалар туралы айтылға­нымен, олардың іс-әрекетіне талдау жасалмайды. Үшіншіден, осы уақытқа дейін «адам­дардың еңбектеніп тапқан ақшасын алдай отырып иемденетін» қаржылық мекемелердің жұмысына ғылыми тұрғыдан мақсатты түрде экономикалық және матема­тикалық талдау жасалған жоқ. Төртіншіден, елімізде халықтың артық ақшасы орналасатын қор рыногы әлі де толыққанды дамымай отыр. Ең бастысы, қаржылық пирамидалардың іс-әрекетінен тек адамдар ғана жапа шегіп қоймайды, сонымен қатар, сол елдің эконо­микалық жағдайы да төмендейді. Халықтың мемлекеттегі басқа қаржылық институттарға сенімі азаяды. Адамдар артық ақшаларын банктерге салуға, бағалы қағаздар сатып алуға асықпайды. Сөйтіп, кез келген елдің экономикасында үлкен рөл атқаратын инвес­тиция көлемі күрт азайып кетеді. Әдетте қаржылық пирамидалар әлдебір үлкен пайда келтіретін жобаны қаржылан­дыру мақсатында адамдардың (инвестор­лар­дың) қолындағы артық ақшаларды жинақ­тайтын коммерциялық мекеме ретінде тір­келеді. Коммерциялық мекемелерге қаржы­сын құйған адамдар мен мекеме арасында салымшылардың алатын пайдасы жөнінде келісім жасалады. Егер жобаның пайдалы­лығы салымшыларға уәде еткен пайдадан аз болса немесе пайда жоқ болса, жаңа салымшылардың енгізген қаржысының бір бөлігі бастапқы салымшыларға уәде еткен пайданы қайтаруға жұмасалады. Мұндай жағдайда, белгілі бір уақыт өткен соң жоба банкрот болып жарияланады және кеш келген салымшылар қаржылық жағынан зиянға ұшырайды. Тәжірибеден пирамида күйре­геннен кейін барлық жинақталған ақшаның тек 10-15%-ы ғана жобаға қатысушыларға қайтатынын көруге болады. Өйткені, жинал­ған ақша тек жарнама мен ұйымдасты­рушыларға жалақы төлеуге және қаржысын басында құйған адамдардың ақшасы мен пайдасын қайтарып беруге ғана жұмсалады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin