• 2 августа, 2025 3:37 дп

Шымкентте Полицияның жүйелі жұмыс істеуі арқылы 20 млн теңгенің алтынын жымқырған алаяқ  пәтер ұрылары ұсталды

Автор:admin

Июл 18, 2025

Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Jsk.kz. Қазіргі таңда полиция бағалы бұйымдардың бөлігін иесіне қайтарып берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан бес ер адам құрықталды. Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы мен болуы мүмкін эпизодтарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарға ұрлықтың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігі туралы еске салады.
Бүгінде ғаламтор пайдаланбайтын, әлеуметтік желілерде ­па­рақшасы жоқ адамдар кемде-кем. Заман ағымы, уақыт талабына сай әлеуметтік желілер адамдар арасында қарым-қаты­нас орнатудың ғана емес, ауқымды мәселелерді талқылауға, белгілі-бір оқиға немесе қоғамдық пікір қалыптасыруға ық­палы зор үлкен күшке айналып отыр. Ақпарат ғасыры саналатын заманда басқаша болуы мүмкін емес те сияқты. Дегенмен интернетті игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да кездесіп жатады. Осы ретте Сырдария аудандық полиция бөлімі алаяқтық қылмыстарынан сақ болуға шақырады. Бұдан бірнеше жыл бұрын ғаламтордағы алаяқтық кәсіби хакерлердің ірі қаржы ұйым­дары мен мемлекеттік мекемелердің сайт­тарына шабуыл, олардың ақпараттық жүйелерін істен шығару әрекеттерімен ға­на байланысты болатын. Бүгінде жекелеген адамдардың әлеуметтік желілеріндегі па­рақшаларына бұзып кіру, ондағы хаттар мен өзге де мәліметтерді көшіріп алып, түрлі мақсаттарға пайдалану, отбасылық құ­пияларды пайдаланып ақша бопсалау, жалған уәде беру сияқты теріс қылықтар бе­лең алуда. Енді соларға жеке-жеке тоқ­тал­сақ. Вирустық бағдарламалармен ақша табу. Арам пиғылдылар жеке азаматтың әлеу­меттік желідегі парақшаларын бұзып кіріп, ондағы достарына түрлі жарнамалар мен вирустық бағдарламалардың сіл­темелерін жібереді. Сілтемелердің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мақсаты бір – ақша табу. Мұндай түсініксіз сілтемелерді ашпа­ған, өзге біреулерге таратпаған дұрыс. Қат­ты күдіктенсеңіз дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаныңыз жөн. Бопсалау. Алаяқтар түрлі бағдар­лама­лардың көмегімен желі қолдану­шылардың парақшасын бұзып, ондағы суреттерді, кө­бінесе жеке чатта жазылған хабарламаларын көшіріп алады. Сосын оларды «мүдделі тараптарға» жібереміз деп қорқыту арқылы ақша бопсалайды. Жаза басып, сезімге ерік бергендер мен кесе көлденең өткен қыз­дарға бір қырындамай қалмайтын туа бітті нәпсіқұмарлар ондай алаяқтар үшін оңай ол­жа, әрине. Қайырымдылық акциялары. Бұл да әлеуметтік желідегі алаяқтықтың кең та­ра­ған түрі. Мұнда ауыр дертке шалдық­қан, шаңырағында қайғылы жағдай болып, қаражатсыз қалған адамдар мен отбасылар туралы хабарландырулар жарияланып, елден көмек сұралады. Ұсынылған күмәнді есеп-шоттар мен электронды әмияндарға ой­ланбастан ақша аудара салатындар болмаса, ондай алаяқтар туралы да айтпас едік.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin