• 24 октября, 2024 8:14 пп

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Окт 24, 2024

 

🔷 «Tulip hall» ғимаратында 25 қазан —Республика күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталды.

🔷 —Республика күні —елдік пен бостандықты, мемлекет бірлігі мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке. Рухымызды қайта жаңғыртып, ұлттық мүддеміз бен тарихи бейнемізді биікке көтеру – біздің ұрпаққа жүктелген асыл борыш.Бұл күн – Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде аса қымбат. Ұлттық мерекеміздің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, патриоттық сезімді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы, — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.

🔷 Бүгінгідей күрделі кезеңде еліміздің өркениет көшінен қалмай, тұрақты даму жолын жалғастыруы үшін халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығын сақтау өте маңызды.
Сонымен қатар қала әкімі осынау мерекеге Шымкент қаласының да зор жетістіктермен келіп отырғанын баяндады. Шымкент қаласында да экономиканы дамыту мен халықтың тұрмысын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаламызда кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып, инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл қалаға 928 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1 пайыз көп.

🔷 Алдағы үш жылда 3,6 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 2028 жылға дейін жүзеге асатын 220 инвестициялық жоба дайындалды. Бұл жобалар арқылы 29 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.

🔷 Қаламыздағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер де жақсарып келеді. Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6 пайызға өсті. Қаланың бюджеті былтырғы жылмен салыстырғанда 122 миллиардқа артып, 779 миллиард теңгеге жетті. Оның 50 пайызы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды, себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көруі тиіс. Салтанатты жиында өзінің кәсіби міндеттерін сапалы атқарып, қоғамның ортақ мүддесіне адал қызмет еткен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтар түрлі мемлекеттік наградалар, Алғыс хат және Грамоталармен марапатталды. Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

_______________________________________

В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛОСЬ ТОРЖЕСТВЕННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ

В Шымкенте в комплексе «Tulip Hall» состоялось торжественное собрание «Азаттықтың Ақ Таңы», посвящённое Дню Республики.

В мероприятии принял участие аким города Габит Сыздыкбеков. Он поздравил присутствующих с праздником и наградил ряд граждан государственными наградами от имени Президента страны.

Глава мегаполиса отметил, что
День Республики — особенный национальный праздник для всех казахстанцев. 34 года назад в этот день была принята Декларация, провозгласившая суверенитет и заложившая фундамент Независимости.

«Нам очень важно передать значение и смысл этого праздника молодому поколению. С каждым годом этот государственный праздник становится все более масштабным и носит всенародный характер. Общий долг каждого из нас — неустанно трудиться во имя процветания сильного и независимого Казахстана», сказал Г.Сыздыкбеков.

Мероприятие продолжилось праздничной концертной программой. Своим творчеством горожан порадовали Майра Мухамедкызы, Еркин Нуржанов, Маржан Арапбаева, Адилет Жаугашар, артисты учреждений культуры, а также ансамбли народных танцев «Қазына» и «Яссы».

Пресс-служба акима города Шымкент

Автор: admin