Шымкентте сотталғандарға нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілерге есірткі және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кезекті профилактикалық шаралар №53 және 78 мекеме аумақтарында өтті. Шара мекемелерде жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды есірткінің зиянды әсерінен қорғау және қайталама қылмыстардың алдын алу бағытында ұйымдастырылды.Атап өту қажет, жазасын өтеушілердің бір бөлігі жақын күндері рақымшылық бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық акт негізінде бостандыққа шығады және екінші бөлігінің жазасын өтеудің беліленген мерзімі аталған құжатпен қысқартылған. Бұл профилактикалық шаралар олардың қоғамға қайта бейімделуіне, теріс әрекеттерге қайта баруын төмендетуге, құқықтық мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылатын болады. Президентіміз «Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс», деді. Бұл ретте мемлекет тарапынан әлеуметтік шығыстардың біртіндеп ұлғайтылып жатқаны да – ақиқат. Қазіргі уақытта бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалуы, балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылуы, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатқаны жақсы. Әсіресе «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасының іске қосылып, 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 млрд-тан аса теңгенің аударылуы – Жаңа Қазақстанның бір жақсылығы. Дегенмен қазір қоғамда масылдық пиғылдың етек алып бара жатқаны алаңдатады. «Бізде шын мәнінде әлі де болса, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес» деген Президент сөзінің төркінін түсінсек, әлеуметтік көмек пен түрлі қайырымдылық қорларына қол жайып отыратын «мұқтаждар» аз емес. Әрине, қайырымдылық керек. Бірақ қайырымдылық жасауды да әсіре науқаншылдыққа айналдырудың пайдасынан зияны басымдау түсіп жатқандай. Тіпті осы қайырымдылықты желеу етіп, жеке-дара қорлар ашып алып, қаржылай көмек сұрап жататындар көбейіп барады. Кейбіреулерге қайырымдылық қорларын басқару мансап әрі өз күнін күйттеудің бірі амалы болып отырғандай. Ендігі арада қоғамда заң мен тәртіптің үстемдігі орын алсын десек, осы қайырымдылықта заң аясында ғана жасалуына мән берілуі керек. Мемлекет басшысының алдағы жылдың басынан бастап Үкіметке «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыру жөнінде беріп отырған тапсырмасын орындау кезінде осы жағдай қатты ескерілгені абзал.
Jsk ақпараттық агенттігі