• 27 ноября, 2024 6:27 дп

Шымкентте тамақ өнеркәсібі ашылады

Автор:admin

Июн 17, 2023

Жалпы инвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылды. Шымкенттің «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында 178 га алаңды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда, деп хабарлайды JSK.KZ. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік кеңесінің отырысында айтты. — Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның өтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салужәне сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, — деді қала басшысы. Бүгінгі таңда қалада «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жемісті жұмыс істеп келеді. Оларда жалпы инвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылған. Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады. Жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақтаөнеркәсіптік жылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. Шымкентте өнеркәсіп саласы қарқынды дамып жатыр. Оған себеп қаламызға құйылып жатқан инвестиция көлемі артып келеді. Тамақөнеркәсіп саласы жаппай кәсіпкерлікті аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі шет елде өзін-өзі жақсы танытқан, нәтижеге жеткен бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады. Жаңа кәсіпорын құру процесі – бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

Jsk ақпарат

Автор: admin