• 27 декабря, 2024 11:50 дп

Шымкентте теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру, тұрғындар арасында діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында театрландырылған көрсетілімдер ұйымдастыру

Автор:admin

Июн 8, 2024

XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында әлемдік қауымдастықта терроризм мен экстремизмнің көрінісі артып, әлемдік қақтығыстар мен бақталастықта жаңаша қайшылық түрі пайда болғандай. Оның үстіне әсіредіни радикалдытоптар да  осы қайшылықтардың арасынан орын алып жатқанын көріп жатамыз. Жалпы түпкі мақсатында экономикалық және геосаяси мүдделер жатқанмен, қарапайым азаматтар осындай лаңкес топтардың қатарына діни мақсатта кіріп кетіп жатыр. Осы орайда халықтың діни-саяси сауаты аса маңызды. Дін жұмыр басты пенденің жан дүниесіне рухани тұрғыда тірек болады. Бірақ сенім бар кезде адасу да бар. Мемлекеттен арнайы бөлінген теологтар мен психолог мамандар осы бағытта жұмыс істейді.  Конституциямызда «мемлекеттің басты қазынасы – адам және оның өмірі» деп айқындалғандай, кез келген жағдайда адами құндылық алдыңғы орында болуы керек. Демек, қоғамға зарар беретін кез келген мүдде зиянды болмақ. Соның ішіндегі діни экстремизм ауада тұрған вирус іспеттес. Ол қай жерде таралса, сол аймаққа зарар береді. Ал салдарымен мемлекет күресуге мәжбүр болады. Әлемде дәлелденген тұжырым – мақсатты топтардың мемлекеттік мүддеге емес, керісінше, жеке мүддені мақсат етіп, діни мотивацияланған экстремизмді протектораттықпен пайдалану жағдайлары орасан қауіпті. Салдарынан қоғамда эксцестік тұлғалар пайда болады. Бұл топты пайдаланушылар түсінген бір қағида бар. Осы қағиданы ескерумен ойын шартын құрады. Ол діни түсінбеу­шіліктің міндетті түрде қайтарымды соққысы болады, яғни кері реакция береді. Ол қандай процесс десеңіз, түсіндірейін. Өзінің барлық болмысын діннен іздеп, өзін түсінгісі келген адам неше түрлі діни ақпаратпен танысады. Оған тура діни түсінікті тура жолдағы маман түсіндірмесе, терең діни ой-қозғауларды ешкім үйретпесе, алғашқы қателік өзім оқып, түсініп аламын деген материалық пікірмен ойлап, әрекет еткен кезде шығады. Бұл – адасудың бастауы, яғни діни түсінбеушіліктің алғашқы соққысы. Кейін бұл адам қоғамнан бөлініп, ымырашыл емес кейіпке енген диссидентке айналады. Ондай топтарды қоғамда бүлік тудыруға бағыттау ыңғайлы болмақ. Осы орайда Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру, тұрғындар арасында діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында театрландырылған көрсетілімдер ұйымдастыру» жобасы аясында «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған  «Тор» (өзбекше «Хафас») тақырыбындағы Шымкент қалалық өзбек драма театрында және «Есігімді қаққан кім?» тақырыбындағы Шымкент қалалық орыс драма театрында спектакльдер қала жұртшылығына ұсынылды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin