• 20 сентября, 2024 1:36 дп

Шымкентте төтенше жағдайларға байланысты құтқарушы мамандарын дайындау процессі

Автор:admin

Июн 5, 2024
????????????????????????????????????

Шымкент қаласы халқының саны милионнан асып кеткен Республикалық маңызы бар қалалар қатарына кіреді. Сондақтан шаһардың кез-келген төтенше жағдайларға төтеп бере алатындай қауқары болуы тиіс. Ол үшін білікті мамандарды дайындау қай кезде де өзекті. Төтенше қызметті жанындай сүйген мамандарды дайындау М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында жүзеге асырылады. Жеке құрамның біліктілігін арттыру мақсатында жылда осы оқу орнының негізінде біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. Сонымен бірге, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының Азаматтық қорғау академияларында дайындықтан өтеді. Жұмыс барысында түрлі жағдаяттарға тап болу ықтималдығы жоғары болғандықтан, мамандарға қойылар талап зор. Қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарында физикалық, психллогиялық тұрғыдан түрлі дайындықтан өтеді. Мамандардың біліктілігі мен кәсібилігі үнемі қадағалауда ұсталынады. «барлық қызметкеріміз, төтенше жағдайлар министрлігі ғана емес, басқа да құқық қорғау құрылымдарының мамандары да ҰҚК қызметкерлеріне төленетін жалақының 80 процентін алады.  Қазіргі таңда азаматтық қорғау органдарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланып отыр. өрт сөндірушілердің жалақысы 20-50 процентке өссе, келесі жылы тағы 29 процентке артады», – дейді департаменттің баспасөз қызметі. Халықты дер кезінде түрлі төтенше жағдайлар туралы құлақтандыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде жалпы 72 дабыл-сөйлеу құрылғыларын сатып алуға сомасы 370 миллион 440 мың теңгеге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, бұрын орнатылған «Вестник» құлақтандыру жүйесін «Марс-Арсенал» жабдығы базасында бірыңғай басқару пультіне интеграциялау жүргізілді. Сонымен қатар, Департамент балансында сандық телеарналарды ұстап қалу жабдығы бар. Аталған жабдық «Қазтелерадио» акционерлің қоғамы филиалының телемұнарасы арқылы трансляцияланатын 26 телеарнаның және 3 радио арнаның эфирін ұстап алуға мүмкіндік береді. Нақты төтенше жағдайлар немесе қажетті іс-қимылдар туралы халықты хабардар ету үшін ұстап алу арқылы тиісті мазмұндағы алдын ала дайындалған бейнероликтер пайдаланылады. Келіп түскен дауылды ескертулерге байланысты арналарды ұстап алу 46 рет іске қосылдып үлгерген. Төтенше жағдайлар департаменті мен Шымкент қаласы құрылыс басқармасының бастамасымен және қаланың құрылыс компанияларының қолдауымен табиғи газдың шығуын анықтайтын датчиктер орнатылған көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда екі мыңнан астам үйде (2192) жалпы сомасы 81 миллион теңгеден асатын газ автоматты бақылау жүйесі орнатылған.  Осындай жүйені 2454 (екі мың төрт жүз жиырма төрт) үйде (жалпы сомасы 90 млн.724 мың теңге) орнатылуы жоспарланып отыр.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin