• 19 сентября, 2024 12:41 пп

Шымкентте ұландықтар бір күнде жоғалғанүш баланы тапты

Автор:admin

Авг 1, 2024

Екі оқиға Шымсити саябағында болды. 31шілдеде сағат 22.00 шамасында ҚР Ұлттықұланының әскери қызметшілері саябақта қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында ересектердің қарауынсыз жүргенбаланы байқады.

Әскери жасақ бастығы ефрейтор ЕрсұлтанШамахан патрульшілер Бейбарыс Елеусізбенжәне Айбол Үркінбаймен бірге аға бастықтарғажағдай туралы баяндап, бірден баланыңата-анасын іздеуге кірісті. Өтіп бара жатқан адамдарға сауалнама жүргізе отырып, жартысағат ішінде әскери қызметшілер жоғалғанбаланың әкесін тапты.

Жарты сағаттан кейін саябақта әскериқызметшілер жалғыз жүрген тағы бір баланыбайқады. Іздеу шараларының нәтижесіндеұландықтар оның анасын анықтап, баланы қайтарды.

Үшінші оқиға Әл-Фараби ауданында болды. 1жедел мақсаттағы батальоннан тағайындалғанәскери жасаққа көзіне жас алған азаматшажақындады. Ол серуендеу кезінде ұлынжоғалтып алғанын айтты.

Баланың белгілерін нақтылай келе, ефрейтор Барыс Бердихан мен патрульшілерӘділет Өмірзақ пен Ермахан Ермағанбетов бастаған әскери жасақ іздеу шараларын ұйымдастырды. Қырық минуттан кейін ұландықтар жоғалған баланы тапты.

Айта кету керек, сол күні Ұлттық ұланның әскери жасақтары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқару барысында жоғалған екі смартфонды тауып, иелеріне қайтарып берді.

Қорытындылай келе, Ұлттық ұланныңШымкенттегі жедел бригадасының әскери қызметшілері барлық жағдайда жоғарыдайындық пен қырағылық танытты. Олардыңжедел әрекеттерінің арқасында барлық балаларотбасыларына оралды. Бұл азаматтардың өмірімен денсаулығын қорғау мен қауіпсіздіктіқамтамасыз етудегі әскери қызметшілер жұмысының маңыздылығын тағы да айқындайды.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі

Автор: admin