ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу және жастар арасында құқықтық тәртіп әскері қатарында қызметті танымал ету болды.
Саптық алаңда жас қонақтарға Ұлттық ұлан қаруланған әскери техника мен атыс қаруының түрлері көрсетілді. Оқушылар ұландықтардың жабдықтарын сынап көруге, нағыз жауынгерлік машиналардың рульіне отыруға және естелік фотосуреттер түсіруге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасы аясында қонақтарға қызметтік иттерді қолдана отырып құқық бұзушыны ұстау және тыйым салынған заттарды іздеу кезіндегі кинологтардың жұмысы ұсынылды.
— «Бізге ұландықтар қандай дайындықтан өтетінін және олар қандай жағдайда қызмет ететіндігін көрсетті. Бізде осындай күшті армия бар екенін мақтан тұтамын, болашақта Мен өз Отаным алдындағы борышымды міндетті түрде орындаймын. Мұнда өзіңді шынықтыру және нағыз азамат болу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», — деді 10 сынып оқушысы Асылжан Тілепберген.
Іс-шара соңында бригада клубының бастығы аға лейтенант Ержан Жолшы бөлімнің мұражайына экскурсия жүргізіп, болашақ Отан қорғаушыларға ұландықтардың ерлігі туралы айтып берді.
— «Ашық есік күнін өткізу армияға әскери бөлімдердің өмірі туралы хабардар ету тұрғысынан азаматтық жұртшылық үшін барынша ашық болуға мүмкіндік береді. Бұл өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге және әскери мамандыққа құрметпен қарауға ықпал етеді, жастарды Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуге белгілі бір даярлық ретінде қызмет етеді», – деп атап өтті 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Шораев.
Айта кету керек, осындай іс-шара Шымкент қаласында орналасқан 6698 әскери бөлімінде де жас қонақтарды шақырумен өткізілді. Онда іс-шараға жалпы білім беретін қалалық мектептердің 50-ден астам жоғары сынып оқушылары келді.
Jsk ақпараттық агенттігі