• 20 сентября, 2024 12:45 пп

Шымкентте Ұлттық ұланның әскери бөліміндеАбай онкүндігі өтті

Автор:admin

Авг 14, 2024

Өткен аптада Қазақстан халқы ұлы ақын жәнеойшыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 179 жылтолуын атап өтті. Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14тамыз аралығында «Абай жолы болашаққабағдар» тақырыбында Абай онкүндігіұйымдастырылды.

Абай күніне орай Ұлттық ұланның барлықәскери бөлімдерінде Абай оқулары, әдебикештер, викториналар мен мәнерлеп оқусайыстары өткізілді. Әскери қызметшілерақынның өмір жолы мен шығармашылығытуралы айтып берді, бұл барлық қазақстандықтарүшін рухани қолдау және бағдар болыптабылады.

ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімініңәскери қызметшілері де шетте қалмады. Мұндажазушының туған күніне орай мерзімді қызметсарбаздары арасында поэзиялық байқауөткізілді.

«Байқау екі кезеңнен тұрды. Бұл Абайдыңөлеңдерін және «қара сөздердін» көркем оқуболды. Іс-шараның басты мақсаты ұлыақынымыздың көрнекті шығармашылығыннасихаттау», деді 6506 әскери бөлімініңмемлекеттік тілді енгізу жөніндегі офицерісержант Бекжан Мәлік.

Сарбаздар атап өткендей, Құнанбаевтыңәрбір шығармасы ойландырады, қоршағанәлемге көз ашады. Оның мұрасы бүгінгі күнгедейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Сонымен қатар, байқауға қатысушылар менқонақтар үшін әскери бөлім клубында Абайкітаптарының көрмесі ұйымдастырылды.

Шығармашылық байқау қорытындысыбойынша 3 орынды қатардағы жауынгерСмағұлов Жасұлан, 2 орынды қатардағыжауынгер Жақсылық Азамат және біріншіорынды қатардағы жауынгер БекжанЕрмағамбетов иеленді. Ісшара соңындабелсенді әскери қызметшілер алғыс хаттармен,ал үздік оқырмандар естелік сыйлықтарменмарапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Абайкүнін Үкімет 2020 жылы бекітіп, мерекелердіңресми тізіміне енгізген болатын. Биыл Қазақстантұрғындары оның туғанына 179 жыл толуын атапөтті.

Абай Құнанбаев әдебиетті дамытуға ғанаемес, елдер арасындағы мәдени байланыстардынығайтуға да үлес қосты. Біздің еліміздіңтарихында өшпес із қалдырған ұлы ақын, ойшыл,саяси қайраткер және данышпан, тек халыққағана емес, жалпы адамзатқа да ой салады.

«Біз Абайды құрметтейміз және оныәрқашан есте сақтаймыз. Менің ойымша, оныңшығармалары елдің жас ұрпағы үшін өлмесбайлық. Абай шығармашылығыннасихаттаумен қатар, ісшара оқырмандардыңқазақ тіліне, оның мәдениеті мен жалпыотандық әдебиетке деген қызығушылығынарттыру мақсатында ұйымдастырылды», деді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарбөлімінің бастығы подполковник РусланБектұрсынов.

Айта кету керек, онкүндік аясындаұландықтар Абай мұражайында экскурсия өткізіп, тақырыптық кештер мен ақпараттық сағаттарұйымдастырып, түрлі роликтер дайындап, челленджге қатысты. 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі

Автор: admin