• 16 сентября, 2024 7:59 пп

Шымкентте әскери қызметкер болғысы келетіндердің саны көп

Автор:admin

Июн 1, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі ұсынысынан кейін Шымкентте ел үшін тер төгуге бел буған азаматтардың қарасы артып отыр. Отанын қорғауға оның шекарасы мен ішкі тыныштығын сақтауға атсалысқысы келетін жастардың саны артып отыр. Шымкентте әскери қызметке барғысы келетіндер көп оған себеп негізгі идеологияның патриотзм бағытын дамытуға бағытталған шеберлік  сабақтары мен мастер класстар, мектеп қабырғасындағы Отанын қорғауға деген сүйіспеншілігін дұрыс бағытта дамыту. Еріктілер қалалық әскери комиссиариятқа барып тіркеліп жатыр. Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімін жергілікті атқарушы орган анықтайтын болады.  — Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен қала бойынша әзірге 100-ге жуық  азаматты қабылдау жоспарланыпты. Олар қала көшелерінде   патрульдеу жұмыстарын атқарады. Бұл жолы 35 жасқа дейінгі азаматтарды тіркеуге алып жатырмыз, — дейді Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ринат Мадияров.  Қиын-қыстау кезде Мемлекет басшысының үндеуін құлақ асқан жастардың бірі — Марлен Әбіл, Ол — 21 жаста. 2018 жылы Алматы қаласындағы әскери бөлімнің бірінде Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан. Запастағы сарбаз әскери бөлімге өзі келіп, тексеруден өтіп жатыр екен. Бұл әрбір елім деген азаматтың борышы болуы керек. Тексеруден өтсем қай жер болса да қызмет етуге даярмын», — деді жас ұлан. Шымкент қалалық әскери комиссариятында арнайы медицицналық комиссия жасақталып жұмыс істеп жатыр. Онда әрбір ниет білдірген азаматтың денсаулығы жіті тексеріліп, сараптама жүргізілуде. Сынақтан өткен запастағы сарбаздар төтенше жағдай уақытында әскер қатарында болады. Айта кететін мәселе жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады. Еріктілер бұндай қадамға пайда үшін емес, Отан үшін барғанын жеткізуде. Айта кетерлік жайыт үшінші мегаполисте әскерге барушылардың саны күннен-күнге, жылдан-жылға жақсы нәтижие мен көрсеткіш беріп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың тыныштығын күзетуге деген жастардың құлшынысын арттыратындығы сөзсіз. Әрбір еліміздің азаматы Отанын қорғауға келгенде ерекше бір патриоттық сезімнің күшіне енетіні сияқты, оның тыныштығын сақтауға бағытталған кешенді жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі жүргізіліп келеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin