• 18 октября, 2024 10:17 дп

Шымкентте әскери қызметшілер ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Автор:admin

Окт 1, 2024

1 қазанда Қазақстанда және бүкіл әлемдеқарттар күні атап өтіледі. Бұл күн біздіңмемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуынақосқан зор еңбегі мен үлесі үшін қарт адамдарғақұрмет және қолдау көрсету қажеттігін ескесалады.

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша ҚР Ұлттықұланының 6506 және 6698 әскери бөлімдерініңәскери қызметшілері ардагерлер ұйымыныңөкілдерімен бірлесіп, құқықтық тәртіпәскерлерінің ардагерлері мен зейнеткерлердіХалықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Әскери қызметшілер ардагерлерге шынжүректен көңілділік, зор денсаулық, ұзақ өмір мен амандық тілей отырып, сыйлықтар әкелді.

«Біз үшін қарттарды құрметтеу бұлоларға деген сыйластық пен ризашылықтыңкөрінісі. Біз олардың көп жылдық еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Мықты денсаулық және ұзақөмір тілейміз», деп атап өтті штаб бастығы әскери бөлім командирінің бірінші орынбасарыполковник Төлеген Шыныбеков.

Айта кету керек, ардагерлерді қарттаркүнімен құттықтау өз өмірін ел қызметіне жәнеқорғауға арнағандарды құрметтеу менқолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі

Автор: admin