Ұлттық экономиканы шикізат экспортына тәуелділіктен арылту – Қазақстанның алдында тұрған стратегиялық маңызға ие міндеттердің бірі. Тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар Шымкентте де өнеркәсіпті өркендетіп, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында бүкіл өндірісі тоқырап, тоқтап қалған қала бүгінде ішкі нарыққа ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де түрлі тауарлар экспорттайтын деңгейге көтерілді. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұған, алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформалардың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустриаландыру және шетелден келген инвестиция өндірістегі өнімділікті арттырып, экономикалық өрлеуге қозғаушы күш болды. Қалада бизнесті дамыту үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Осылайша, Шымкент экономикасының өсімі ұзақ жылдарға қамтамасыз етілген деп сеніммен айтуға болады. Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Шымкенттің ірі сауда-экономикалық орталыққа айналып келе жатқанын жалпы сауда көлеміне қарап та аңғару қиын емес. Қаңтар-шілде айларында бұл көрсеткіш 946,1 млрд теңге болып, нақты көлем индексі 109,8 пайызды құраған. Көлік және логистика саласында 158,5 млрд теңгенің қызметі көрсетіліп, өсім 7,2 пайызды құраса, байланыс қызметінің жалпы көлемі 4,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл бағыттағы өсім 4,7 пайызға тең екен. соңғы екі жылда Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 319-дан 523 миллиард теңгеге дейін өсті. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71-ден 88 пайызға дейін артты. Шымкент шаһары республикалық мәртебеге ие болған сәттен бастап 1 триллон теңге жаңа инвестиция тартылды. 1,3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті 3,5 есеге ұлғайып, 455,5 миллиард теңгеге жетті. «Қалаға жаңа мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын Шымкент еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің даму орталығына айналады. Бүгінгі таңда бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Біздің міндетіміз — экономиканы қарқынды дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау. Шымкент — аумағы жағынан Қазақстанда қалалар арасында бірінші, халық саны бойынша үшінші орынды алатын мегаполис. Қаланың географиялық тұрғыда орналасуы да Орталық Азия елдерімен логистикалық байланыс пен экономикалық орталық құруға ыңғайлы. Қалада инвестиция тарту мен кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Осы ретте, өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрады.
Jsk ақпарат