• 15 ноября, 2025 9:30 пп

ШЫМКЕНТТЕ 117 ГЕКТАР АУМАҚТА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТҰРҒЫН АУДАННЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 25, 2025

Шымкент қаласының экономикасын тұрақты өсуін және оны түрлендіру бағытында  инвестициялар тарту мен өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Жаңа өндіріс орындары салынып, өңдеу өнеркәсібінде бірқатар жобалар жүзеге асты.

Инвесторлар үшін оңтайлы жағдайлар қарастырылып, тағам өнеркәсібі, тігін және жиһаз жасау, сусындар өндіру, жартылай дайын өнімдер шығару сияқты салаларда белсенді инвестициялық жобалар қолға алынды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың экономикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ірі инвистициялық жобалар болып саналады.

Шымкент қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, кәсіпкерлікті жүйелендіруге, инвестициялық тартымдылықты ұлғайтуға  және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды. Қолға алынған бастамалар мегаполистің инновациялық даму жолын айқындап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға нақты мүмкіндік берді. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі, «YDA Group» компаниясы және «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен бір ай бұрынғы кездесуде 117 гектар аумақты кешенді дамытуға арналған бас жоспарды таныстырған болатын. Бұл жоба заманауи тұрғын ауданын және көпфункционалды инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталып отыр. Жоспар аясында тұрғын үйлер салумен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын енгізу қарастырылды. Кездесу барысында 2 миллиард АҚШ долларынан асатын инвестициялық жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен шешімдері талқыланып, жобаның концепциясы ұсынылды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков инженерлік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді Шымкенттің әлеуеті абаттандыруға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында кешенді тәсіл қолданылып, халықаралық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттары қатаң сақталатынын тілге тиек етті. Жиында заманауи ойын-сауық саябағын салу мүмкіндігі де қарастырылып, оның қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналатынын, ішкі туризмді дамытуға септігін тигізетіндігін атап өтті. Компания өкілдері конструктивті диалог пен қала дамуына деген белсенді қатысқандары үшін өз алғыстарын білдірді. Қала әкімдігі өз тарапынан жобаны уақтылы және тиімді іске асыруға барлық қажетті қолдауды көрсетуге әзір екенін жеткізді. Бұл жоба Шымкент қаласының келбетін арттырып, экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын маңызды бастамалардың бірі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin