• 16 сентября, 2024 8:08 пп

ШЫМКЕНТТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУДА ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ДАЙЫНДАЛДЫ

Автор:admin

Сен 4, 2023

Шымкент қаласының әкімінің халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйелерімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Қала әкімі талап-тілектерді ескере келе, тиісті басқармаға инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.  Соның ішінде,  4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста  жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.  Құрылыс жұмыстары қолға  алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешімін табады. Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Себебі күн сайын, ай сайын, жыл сайын жүздеген адамдар іссапармен және демалысын өткізу үшін шаһарға келеді. Әр адам көліктен түсіп, аялдамаға жеткенде, қоғамдық көлікке мінгенде, балабақшаға немесе мектепке барар жолда, демалыс нысандарын аралағанда қалалық ортаның қаншалықты жайлы, қауіпсіз екеніне көз жеткізеді. Егер де мегаполиске келген әр адамға бір жайсыздық, қолайсыздық сезілетін болса, ол оның көңіл-күйіне жағымсыз әсер ететіні сөзсіз. Сол себептен қала басшылығы абаттандыру, қалада жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Әлемнің дамыған қалалары үшін жол инфрақұрылымының сапасы жайлы орта құрудағы аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сол себептен, Шымкент әкімдігі жол қозғалысын реттеудегі ең үздік әлемдік тәжірибеге талдау жасауға ерекше назар аударып отыр. Мәселен, қазір қаладағы 107 негізгі көше қиылыстарына «ақылды» бағдаршамдар орнатылған. Мұндай жетістік жолдағы ағынды толық реттеуге және тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтардың ұзындығы екі есеге – 77 шақырымға дейін ұзартылды. Қоғамдық көлік – бұл логистикалық жүйенің ең маңыз­ды элементі, сондықтан оны дамытуға және жекеменшік көліктің ағынын қысқартуға күш салынады. Өйткен себебі, бүгінгі таңда қала жолдарындағы автокөліктердің саны жай күндері 400 мыңға жетті, қатты қарбалас күндері 500 мыңға жетті.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin