Еліміздің барлық өңірлерінен келген 400-ге жуық сарбаз жас жауынгер курсынан өтіпОтанына адал болуға салтанатты түрде ант бердіжәне Отанның толыққанды қорғаушыларымен бірқатарға тұрды.
Осы салтанатты іс-шарамен жасұландықтарды 6506 әскери бөлімінің командиріполковник Марат Рахманов құттықтады.
— «Сарбаз мырзалар! Сіздер Отанға адалболуға әскери ант бердіңіздер. Сіздердіңәрқайсыларыңыз бұл күнді өмір бойы естесақтайсыз деп үміттенемін және әрқашанОтанға абыроймен қызмет атқарасыздар деп ойлаймын. Сіздерді әскери антқабылдағандарыңызбен, ал құқықтық тәртіп әскерлерін жаңа толықтыруменқұттықтаймын. Сіздерге және Сіздердіңотбасыларыңызға, барша халқымызға, баршамемлекетімізге табыс, денсаулық, бейбітшілікпен амандық тілеймін», — деді Марат Оралұлы.
Әскери ант — бұл мемлекетке, өз елініңхалқына адал болуға ант беру. Әскери ант беру «әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңымен және ішкі қызмет жарғысыменрегламенттеледі. Бұл әскери істің жолына түсукезінде адам кездесетін алғашқы маңыздыәскери қызмет актілерінің бірі.
Әскерге шақырылушыларды осы маңыздыоқиғамен құттықтауға жауынгерлердің ата-аналары, жақын туыстары мен әскерибөлімнің ардагерлері келді.
Жас сарбаздардың бірі қатардағы жауынгерАйтмаханбек Әлібай Астана қаласынаншақырылды. Ол бүгін өз қызметтестерініңалдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.
— «Біз өзіміз қабылдаған әскери антқа адалболамыз және Шымкент қаласында қауіпсіздіктіқамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Бізалдымызға қойылған барлық міндеттердітолық көлемде орындаймыз және мемлекеттіңқауіпсіздік ісіне өз үлесімізді қосамыз», — деді жасант беруші.
Әскери бөлімнің ардагері запастағыподполковник Сұлтан Нұрымбетов әскергешақырылушыларға өз тілектерін жолдады. Олбіздің елімізде әскери борышын орындау, отбасын, Отанын қорғау әрбір ер адамның қасиетті міндеті болғанына және болатынынасенім білдірді.
— «Армия — бұл жас жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Қызмет еткен жылдарСіздердің мінездеріңізді шыңдайтынына күмәнімжоқ», — деді Сұлтан Жанабайұлы.
Іс-шара соңында жас ұландықтар салтанаттысаппен, әскери оркестрдің дауысына қадамбасып, командирлері мен ата—аналарыныңалдында салтанатты шерумен өтті.
Ант берген әскери қызметшілер жақын арада Шымкент және Түркістан қалаларыныңкөшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктіқамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауғакірісетінін атап өткен жөн.