• 17 июля, 2025 10:45 дп

ШЫМКЕНТТЕ 9693 БАЛА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ.

Автор:admin

Июл 17, 2025

 

2025 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен шілде-тамыз айларында 9 693 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл бастама ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік 5 санатқа жататын балаларды сауықтыру және тиімді демалыспен қамтамасыз етуге бағытталған.

Балалар демалысын Машат-Арасан, Бекзат Саттарханов атындағы лагерь, Қарлығаш, Үш бұлақ, Таң-Шолпан, Көктөбе, Айсанар сынды қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде өткізуде.

📊 2025 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша жазғы демалыспен 3 131 бала қамтылды. Қалған балаларды кезең-кезеңімен лагерьлерге жолдау жалғасып жатыр.

Лагерьлерде балалар тек демалып қана қоймай, түрлі тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдылар қалыптастырып, командалық жұмысқа үйренеді. Жазғы демалысты ұйымдастыруда
балалардың қауіпсіздігі; сапалы тамақтануы; медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі; бос уақытын тиімді өткізу сынды мәселелер басты назарда.

Бұл жұмыстардың барлығы балалардың денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек әрі дайын оралуына жағдай жасайды.

Автор: admin