• 19 сентября, 2024 10:12 пп

ШЫМКЕНТТЕ COCA-COLA ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 13, 2024

🔷 Бүгін Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталық аумағында «Coca-Cola Kazakhstan» сусын өндіру зауытының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды инвестициялық жобаның іске қосылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

🔷 Мегаполис басшысы бұл жобаның қала дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

🔷 «Инвестициялық климатты жақсарту — мегаполистің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Біз үшін әрбір инвестициялық жоба маңызды, сондықтан әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге қашанда дайынбыз», – деді Ғ. Сыздықбеков.

🔷 Жобаның құны 27 млрд теңге, ал жылдық өндірістік қуаты – 283 млн литр өнім. Кәсіпорын 150-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Компанияның өнім ассортиментіне газдалған және газдалмаған сусындар, салқын шай және әртүрлі көлемдегі шырындар бар.

🔷 Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларының арқасында жыл сайын жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары көбейіп келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 661,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты.

Автор: admin