• 26 ноября, 2024 2:38 пп

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БРОНХОПЛАСТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ

Автор:admin

Окт 9, 2023

 

🔷 Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Санкт-Петербург қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының профессоры, РҒА академигі Е.В.Лещенконың қатысуымен бронхопластикалық операциясы бойынша шеберлік сабағы өтті.

🔷 Жоғары технологиялық операцияның тиімділігі зор. Ота кезінде онкологиялық дертке шалдыққан науқастарда қатерлі ісік алынып қана қоймай, мүшені сақтап қалуға мүмкіндік туады.

🔷 Күрделі операциялар бұған дейін шет мемлекеттерде жасалып келген еді. Шеберлік сабағында озық технологияларды пайдалана отырып үш науқасқа жасалынған ота сәтті шықты.

🔷 Бүгінде орталық мамандары онкологиялық дертпен күресте, заманауи талапқа сай хирургиялық көмектерді көрсетуде әлемдік деңгейдегі тәжірибелі дәрігерлермен әріптестік байланысты нығайтқан.

Jsk ақпарат

Автор: admin