Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің оқушыларымен адалдық сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға адалдық, әділдік, парасаттылық, ар-намыс секілді адами қасиеттер түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі талқыланып, еліміздің болашағы жастардың бойында білімімен бірге тәрбиесі мықты болуы қажет екендігі айтылды.
Кездесуде ақын-жазушылардың, белгілі тұлғалардың шығармашылығы мен өмір жолынан мысалдар келтіріліп, кез-келген жағдайда шындықты қолдау қажеттігі жеткізілді.
Шара барысында оқушылар адалдықты, парасаттылықты қалай түсінетінін, оны қалыптастыру жөніндегі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ ойында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Jsk ақпарат