• 22 сентября, 2025 8:50 пп

Шымкенттік құқық қорғаушылар —  әйелдерді зорлық-зомбылыққа ұшырамас үшін,  маңызды кездесулер өткізді

Автор:admin

Сен 22, 2025

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары қала тұрғындарымен маңызды кездесу өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен отбасыларға қолдау көрсету жолдарын түсіндіру болды. Акция барысында полиция лейтенанты Журабеков А. бастаған топ Абай ауданы аумағындағы халық көп жиналатын орындарды аралады. Сауда орталықтары, базарлар мен қоғамдық алаңдарда тұрғындарға арнайы брошюралар таратылып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң нормалары түсіндірілді. Бұл брошюраларда зорлық-зомбылықтың түрлері, оған қарсы қандай құқықтық шаралар қолданылатыны және көмек алу жолдары нақты әрі түсінікті тілде жазылған. Тәртіп сақшылары тек қана ақпарат беріп қана қоймай, тұрғындармен тікелей әңгімелесті. Әйелдер мен ерлерге бірдей сұхбат жүргізіліп, «егер мұндай жағдай орын алса, не істеу керек», «қайда жүгіну керек» деген сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, анонимді сауалнамалар таратылып, адамдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жеке көзқарасы, тәжірибесі мен ұсыныстары жиналды. Бұл сауалнама нәтижелері алдағы уақытта алдын алу шараларын жетілдіру үшін пайдаланылмақ. Іс-шара барысында полицейлер әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын қолданыстағы заңдар жайлы толық ақпарат берді. Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайға тап болған азаматтарды қорғау үшін арнайы механизмдер қарастырылған: уақытша қорғау ұйғарымдары, агрессорды үйден шектеу, дағдарыс орталықтарына орналастыру, тегін заңгерлік және психологиялық көмек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Бұл тек жеке отбасылардың мәселесі ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер ететін фактор. Сондықтан мұндай алдын алу шаралары тек ақпараттық сипатта ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени өзгерістерге жол ашатын маңызды бастамалар болып саналады. Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Әйелдерге арналған қауіпсіз қала» атты жоба іске асқан болатын. Ол кезде басты назар түнгі көшелердің жарықтандырылуын жақсартуға, полицияның шұғыл әрекет ету топтарын көбейтуге және дағдарыс орталықтарының қызметін кеңейтуге аударылды. Алайда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізінен БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді, ал тұрғындармен тікелей кездесу аз болды. Полиция қызметкерлері мектептерде, колледждерде және кәсіпорындарда кездесулер өткізіп, жастар мен еңбек ұжымдарына зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын түсіндірді. Сол жылы алғаш рет анонимді сауалнама жүргізу тәжірибесі енгізіліп, нәтижесінде тұрғындардың бұл мәселе жөніндегі көзқарасы туралы нақты статистика жиналды. Полицейлер халық көп жиналатын жерлерге өздері барып, әр тұрғынмен ашық сөйлесті. Бұл тәсіл, әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған, бірақ ресми орындарға жүгінуге қорқатын немесе ұялатын адамдарға пайдалы болды. Олардың көпшілігі осындай кездесулерде алғаш рет қажетті ақпаратты алып, сенімді қарым-қатынас орната алды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin