Бұл байқау Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өтіп, елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтар өз білімдері мен патриоттық көзқарастарын сынға салды. Бекжан Әбдімәлікұлы байқауға қатысқан кезде өзінің әскери қызметтегі тәжірибесін, мемлекеттік тілді енгізу бағытындағы еңбегін және патриоттық тәрбие берудегі жетістіктерін көрсетті. Әскери салада мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жұмыстары байқау комиссиясының жоғары бағасына ие болып, оның елге, тілге деген адалдығы мен қызметіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді. «Егемен ел патриоты» байқауы Қазақстанның нағыз патриоттарын анықтауды мақсат еткен. Бекжан Әбдімәлікұлының жеңісі оның Ұлттық ұландағы қызметіндегі табыстары мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан үлесінің нәтижесі болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша Бекжан Әбдімәлікұлына арнайы «Егемен ел патриоты» төсбелгісі мен арнайы диплом, сыйлық табыс етілді. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында офицер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оған марапатты ведомство басшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов табыс етті. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азаматтың міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Сондықтан, әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Елімізде 18-27 жас аралығындағы денсауылығы жарамды ел азаматтары міндетті түрде әскерге шақырту алады. Сондай-ақ, шақырту алған әрбір азамат Ата заңға сәйкес Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына қабылданып, елдің тыныштығын күзетуге, адал борышын атқаруға ант береді.
Сөзбен патриот болу әркімнің қолынан келеді, бірақ іс жүзінде шынайы ел жанашыры болу үшін басты бәйгеге тігу керек. Осы жағынан келген кезде еліміздегі әскери орындардың мүддесі берік, тәртібі қатал. Десе де, «армия» дегенді естігенде ат тонын ала қашатындар да аз емес. Бірі – қала кезіп жұмыста жүр, біреуі – оқуын жалғастыруда. Ал, енді бірінің – батылдықтан гөрі қорқынышы басым. Бірі – үйінің жалғызы, енді бірі – асыраушысы. Алайда олар дәл осы тұста Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі екендігін ұмытпауы керек. Ал, мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады. Олар əскерге шақырылушы азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді. Болашақ сарбаздардың денсаулығы мінсіз болуы шарт. Сондықтан кешенді тексеріс тағайындалады. Жас жігіттердің бой, салмағынан бастап, қалқанша безі, іш құрылысы, жүрегі де мұқият тексеріледі. Мәселен, десанттық шабуылшы болғысы келетіндердің ең алдымен физикалық дайындығы ескеріледі. Сонымен қатар, спортшыларға, бойы ұзындарға басымдық беріледі.
Jsk ақпараттық агенттігі