• 21 ноября, 2024 11:54 дп

Шымкенттік әскери қызметкерлердің қару-жарақ техникасы жазғы кезеңге сақадай-сай!

Автор:admin

Июн 2, 2024

Қазақ халқы күні кешеге дейін «аттың жалында, түйенің қомында» жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін қорғауда ата-бабаларымыздың басында дулығасы, арқасында жығасы, жүрек тұсында шарайнасы, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдігі т.б., халық ауыз әдебиеті мұраларында сақталған әскери қару-жарақ  атау-сөздері қаншама десеңізші… Осы орайда,  бізге түсініксіз әскери қару-жарақ  атаулары ана тіліміздің сөздік қоры мен құрамында сақталғанмен, олардың бұл күнде қазіргі армия тілінде сиректе болса кездесетінін байқадық. Сондықтан әскери оқу орындарында арнайы пән ретінде қазақтың әскери өнерінің бір саласы  Қарутану мәселесін оқыту жеткілікті түрде әлі де қолға алына қойған жоқ десек, артық айтқанымыз емес. Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралар өтіп жатыр. Техниканы дайындау жұмыстары кезең-кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезекте ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрықтары негізінде мамандар техника санына сай жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың есебін жүргізді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоймалар мен парк бокстарында ағымдағы жөндеу жүргізеді. – Жеке құраммен жұмыс орындарын жабдықтау тәртібі, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Әскери қызметшілерді әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттармен таныстырылды, – деп түсіндірді 35748 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, бөлім бастығы, подполковник Руслан Әлімбаев. Жанар-жағармай материалдарының, құралдардың және қажетті қосалқы бөлшектердің барлық түрлері алдын ала алынды. Жоспарлы қызмет көрсету шеңберінде техниканың әрбір бірлігінде техникалық жұмыстардың 20 түріне дейін жүргізіледі. Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдықтары тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады. Жұмыстарды сапалы орындауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және өрттен қорғауға ерекше назар аударылады. Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жұмыстары қару-жарақ, әскери техника мен парктің дайындық деңгейін арнайы комиссия құрамында тексерумен аяқталады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin