• 16 сентября, 2024 8:02 пп

Шымкенттік әскери қызметшілерге тұрғын үй беру – мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асуда

Автор:admin

Июн 1, 2024

Шымкент қаласы бойынша бүгінде тұрғын үй кезегіне 50 019 азамат тіркелген. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402 ні құрап отыр. Шымкент қаласы бойынша әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде. Биыл Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтер құрылысы жүргізілуде, алдағы уақытта бұл көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға пәтер бөлінеді. Биыл жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. Сонымен қатар биыл кезекте тұрған, әлеуметтік осал топ санатындағы 2274 жеңілдетілген «2-10-20», «5-10-20» бағдарламалары бойынша пәтер сату жоспарлануда. Оның ішінде әскери қызметшілерге де үлестіру шаралары қолға алынбақ. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің сапасына тікелей байланысты және Қарулы Күштердің беделін арттыруға және әскери қызметшілердің әскери борышын орындауға уәждемесіне әсер ететін құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі басым міндеттердің бірі болып табылады. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі қызметтік тұрғын үй беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару жолымен жүзеге асырылады. Бұл механизм тұтыну жүйесінен жинақтау жүйесіне көшуді қарастырады және сөзсіз артықшылыққа ие. Тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу есебінен жеке тұрғын үй сатып ала алады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы болу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде (ҚТҚЖБ) арнайы салым ашып, белгілі бір мерзімнен кейін жылына 3,5% — дан 5% — ға дейінгі мөлшерлеме бойынша қарыз алу қажет. Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй құнының 50% — ын жинақтағаннан кейін, ол елдегі ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарызына үміткер бола алады. Тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді жалға алуға да, тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақтауға да бір мезгілде жіберуге болады. Тұрғын үйді елдің кез-келген қаласынан сатып алуға болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin