• 20 сентября, 2024 12:12 дп

Шымкенттің барлық оқу орындарында «Адалдық сағаты» өтті

Дәстүр бойынша Шымкент қаласында жаңа оқу жылының басында өңірдің мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында адалдық сағаты ұйымдастырылды. Адалдық – бұл тек моральдық ұғым емес, ол қоғамымыздың діңгегі, мемлекеттілігіміздің негізі. Адалдықпен өмір сүрген әр азамат – өз Отанын, халқының мүддесін ардақтайтын тұлға. Соңғы жылдары елімізде адалдық және әділеттілік ұғымдарына қатысты көптеген өзгерістер мен бастамалар жүзеге асырылуда. «Әділетті Қазақстан» концепциясы еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер, жаңа стандарттар мен қағидаттарды қалыптастыру жолында маңызды қадам болып табылады. Біз әрбір азаматтың парасаттылық, жауапкершілік, ортақ мақсаттар мен міндеттерді түсінудің маңыздылығын түсінуі қажет. Қоғам белсенділерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен, бейінді басқармамен, жоғары оқу орындарының ректоратымен бірлесіп оқушылар, студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы айтып, оқуда және өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін адал еңбектің пайдасы туралы мәлімделді. Сөз сөйлеу барысында қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің спикерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтар, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, Агенттікпен қолға алынған жобалар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік туралы айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу тәртібін түсіндірді. Жалпы кездесу бағдарламасымен 100 мыңнан астам педагог пен оқушы қамтылды. Жастармен кері байланыс орнату мақсатында осы тұрғыдағы іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда. Адал азаматтар қоғамның алға жылжуына, дамуына серпін береді. Олар тек өз мүдделерін ойламайды, керісінше, қоғамның жақсаруына үлес қосады. Адалдық адамның ішінде, жүрегінде болуымен қатар, оның іс-әрекеттерімен көрініс табады. Адал азамат мемлекет мүддесін, ел тыныштығын, қоғамдық тәртіпті жоғары бағалайды. Бүгінде қоғамымызда адалдық туралы айтқанда, білім беру саласын да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Оқушылар мен студенттерге адалдықтың, әділеттіліктің маңызын түсіндіру біздің міндетіміз. Оларды тәрбиелеу – тек сабақтағы біліммен шектеліп қалмай, өмірлік құндылықтарды, адал болудың артықшылықтарын да көрсету қажет. Өздердің еліне, халқының болашағына жауапкершілікпен қарап, оларға жүктелген міндеттерді ұғынуы үшін біз білім ордаларында арнайы сабақтар мен семинарлар өткізуді қолға алуымыз керек.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin