• 25 ноября, 2024 7:22 дп

Шымкенттің өнеркәсіп иелеріне қолдау шаралары

Автор:admin

Май 10, 2023

Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік. Бүгінде бұл екеуі Шымкент экономикасының негізі саналады. Қайбір жылдары мегаполисте өнеркәсіптік, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалды аймақтар құрылған болатын. Сол аймақтар күткен үмітті ақтай алды ма? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша биылғы алғашқы жартыжылдықта  атқарылған жұмыстарды баяндады. Бейнебайланыс режимінде өткен жиында үшінші мегаполистің басшысы биыл экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге қол жеткізілгенін мәлім еткен болатын. Аталған бағыт бойынша қаламызда бүгінгі күні ш өндірістік аймақтағы 110 кәсіпорында 7690 жұмыс орны ашылған. Биыл 1,8 миллиард теңгені құрайтын төрт жобаның аясында   274 жұмыс орны ашылды. Ал жыл соңына дейін 13 жоба іске қосылады. Ал бұл дегеніңіз – 754 жұмыс орны. Бүгінгі таңда өндірістік аймақтар 100 пайызға толған. Осыған байланысты мегаполисте тағы төрт аймақ ашу жоспарлануда.  Оның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір аймақтың инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 миллиард теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорын ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 100 миллиард теңгеге 25 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес, биыл 10 жобаның құрылысы басталады. Екіншісі – ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда құны 23 миллиард теңгені құрайтын 1810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Үшіншісі – 136 гектардағы заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері аймағы. Мұнда 30 миллиард теңгеге  2000 жұмыс орнымен 20 жобаны іске қосу жоспарланған. Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудаған бастаған жөн. ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөоінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері  мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара иәуелділікті сипаттайды.

Jsk ақпарат

Автор: admin