• 29 ноября, 2024 12:34 дп

Шымкенттің өнеркәсіп өнімінің көлемі 937 млрд теңгеге жетті!

Автор:admin

Июн 15, 2023

Биыл Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 5 жыл толды.  Осыдан бес — алты жыл бұрын қала аумағына инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі төмен 40-тан астам шалғай елді мекен қосылған.

Одан бөлек, қаланың қажеттілігіне жетіспейтін инфрақұрылым, қоғамдық көлік мәселелері өзекті болатын, қазір бұл сұрақтар біршама шешімін тапты.

Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті. Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Ағымдағы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан. Кәсіпорындар шоғырланған, кәсіпкерлік қарқынды дамып келе жатқан шаһарда инвестициясын салуға ниет білдіргендер отандық және шетелдік азаматтар жетерлік. Сондықтан болар, Шымкент қаласы 2022 жылдың қорытындысы бойынша бизнес ортасын жүргізуге қолайлы жағдай жасаған республикадағы ең үздік аймақ болып танылды. Республикалық маңызы бар қалалар қатарында Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктері артты. Қазіргі таңда жалпы аумағы 749 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша кеңейту, «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру және Көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га-ға кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 миллиаард теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 миллиард теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған еді. Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 миллиаард теңгені құрайтын 520 жаңа жұмыс орны бар 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдары жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, биылғы жылдың соңына дейін 173,1 миллиард теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол меже де орындалды.

Jsk ақпарат

Автор: admin