• 27 декабря, 2024 12:09 пп

Шымкент Антикоры еріктілерді мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізуді оқытуда

Автор:admin

Июн 8, 2024

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілер үшін оқыту ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде Департамент қызметкерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер  — «Әділдік жолы» РҚБ қалалық филиалы басшысының м.а Талғат Егембердиев тартылды. Кездесу барысында мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілдері мен тәртібі, бағаны көтеру мәніне мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг, тауарлар мен қызметтерге медианалық бағаны айқындау қаралды. Спикерлер тәжірибелерімен бөлісіп, осы саладағы проблемалық сұрақтарға тоқталып, қатысушыларды қызықтырған мәселелерге жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет белсенді азаматтарды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады. Ол үшін Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі,3 мекенжайы бойынша немесе 8(7252) 98-15-77 телефоны арқылы хабарласуға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Осы қатерді түпкілікті жою үшін әр қазақстандық, әр отбасы «сыбайлас жемқорлық» өз бойындағы дерт деп ұғынып, барынша күресуі қажет!!!

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin