• 23 ноября, 2024 7:04 пп

Шымкент: «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттар ұсынылады

Автор:admin

Май 15, 2023

Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.Биылғы жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 2,8 пайыздан 3,1 пайызға дейін артып отыр.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттар ұсынылады. Мемлекеттік грант сомасы – 2-5 млн. теңгеге дейін. Инновациялық жобалар үшін конкурстық негізде ұсынады Жобалардың мақсаты – негізгі құралдарды, шикізатты, материалдарды, технологиялар мен франшизаға құқықтарды сатып алу мақсатында болуы қажет. Экономиканың басым салалары шектеледі

Бағдарламаға шағын бизнес өкілдері қатыса алады.

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР ҰСЫНУ МЕХАНИЗМІ:

1) Басқарма мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурсқа өтінімдердің қабылдануы туралы хабарлайды

2) Кәсіпкер басқармаға талаптарға сәйкес өтінімін өткізеді

3) Басқарма кәсіпкердің өтінімін қарастырып, оны конкурстық комиссияның қарауына жолдайды

4) Басқарма конкурстық комиссия отырысын ұйымдастырады

5) Конкурстық комиссияда кәсіпкердің жобасы қолдау тапса, грантты ұсыну бойынша басқарма және кәсіпкер арасында келісім-шарт түзіледі

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Shymkent invest» бизнеске арналған Үкімет фронт-офисі: 39-11-77;

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы: 87011021717, 87021091717

 

Jsk ақпарат

Автор: admin